{metadescription}
Кеше үйленген жігіт тойға келген қонақтарымен суға кетті
Кеше үйленген жігіт тойға келген қонақтарымен суға кетті

Кеше үйленген жігіт тойға келген қонақтарымен суға кетті

Ақтауда Каспий теңізінен үш адамның денесі шығарылды. Оқыс оқиға кеше кешкісін болған. Куәгерлердің айтуынша, төрт ер адам теңіз жағасында демалыпты. Екеуі суға батып бара жатқанда қалған екеуі көмекке ұмтылған. Алайда біреуі ғана аман қалды. Оны да жағалауда жүргендер құтқарып қалған.

Үш адамның суға кеткені туралы қаралы хабар Төтенше жағдайлар депаратментіне кешкі сағат алты шамасында түскен. Құтқарушылардың мәліметінше, марқұмдар тыйым салынған аумақта шомылған. Қаза тапқандардың бірі – Ақтау, қалған екеуі Қарағанды облысының тумасы. Суға батып кеткен ақтаулық жігіт бір күн бұрын ғана отбасын құрған екен. Ал жанындағы екі досы оның тойына тойға келген қонақтар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.