{metadescription}
Ақмола облысындағы мәдениет саласының басшылары түрмеге барды
Ақмола облысындағы мәдениет саласының басшылары түрмеге барды

Ақмола облысындағы мәдениет саласының басшылары түрмеге барды

Ұлттық музейдегі жемқорлық дауынан кейін Ақмола облысындағы мәдениет басқармасы, театр мен мұражай директорлары түрме тіршілігімен танысты. Өйткені өңірде мәдениет саласын басқарған шенеуніктер шетінен темір торда отыр.

Сол сотталғандардың тағдыры өзгелерге сабақ болсын деген ниетпен антикор қызметкерлері осындай тур ұйымдастырды.

Айдос Жақиялин,Ақмола облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары:

- Бұл ескерту шарасы. Қызметкерлер іс жүзінде колониядағы өмірді өз көзімен көруге тиіс. Мәдениет саласы басшыларын таңдауымыз тегін емес. Өткен үш жылда 9 басшыға қылмыстық іс қозғалып, алтауы үрмеде отыр. Біртебірте барлық саланың қызметкерлеріне облыстағы түрмелерді көрсетеміз.

Абақтының ішіне кіріп барсаң, көңілің су сепкендей басылады екен ...

«Үшқара әнін» ыңылдап айтып кіргендердің арасында сахнада жүрген актер, ақындар да бар. Олардың бірі музей, екіншілері театр басқарып отыр. Барлығы да түрме дегенді тек теледидардан көрген. Бірақ мәдениет саласындағы өзге әріптестерінің сотталып кеткеніне талай куә болыпты. Мәселен, өткен жылы Тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының басшысы жалған іс-сапар құжаттарын рәсімдеп, мемлекеттің 3 жарым миллион теңгесін жымқырған.

Ал 2020 жылы Облыстық мәдениет басқарқармасының басшысы кәсіпкерлерден 36 мың доллар пара алып жеті жылға сотталды. Мәдениет саласының майталмандары абақтыда істеген ісіне өлердей өкінетінін айтқан сотталушылармен де сұхбаттасты.

Дина Бейсембаева, Ақмола облысы мәдениет басқармасының бөлім басшысы:

- Темір тордың ар жағындағы өмірді өз көзімен бүгін танысуда. Жемқорлықпен қарсы күрес жасауда тек қана сөзбен ғана емес, көзімен көргенде, қорытындысында қандай өмір сүруі мүмкін? Бұл өте маңызды іс деп ойлаймын. Әрбір мемлекеттік қызметкерге үлкен сабақ болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

02 қаңтар

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.