{metadescription}
Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары 10 жылға сотталды
Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары 10 жылға сотталды

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары 10 жылға сотталды

Жемқорлықтың жазасы ауыр. Бүгін сот 185 миллион теңге пара алды деп айыпталған Атырау облысы әкімінің экс-орынбасарына үкім кесті. Нұрлан Таубаевтың қолына кісен 2020 жылы салынған болатын. 

Экс-шенеунікке сот 10 жыл кесті. Онымен бірге кезінде құрылыс басқармасының басшысы да ұсталған еді. Тимур Басаров сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуі 2020 жылы Құлсары қаласында құрылысы аяқталған аурухананы қабылдау кезінде мердігер компаниядан пара алған. Әкім орынбасары 185 миллион теңгені алып кетуге құрылыс басқармасының басшысын жұмсапты. Оны пара алып жатқан сәтте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің өкілдері ұстаған.

Тергеу кезінде Тимур Басаров кінәсін толық мойындады. Енді екі сотталушы да өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Алайда Таубаев пен оның туыстары бұл үкіммен келіспей, сот залында шу шығарды. Сондықтан апелляциялық алқаға шағымданбақшы.

Нұрлан Жолболов, Н. Таубаевтың адвокаты:

- Бұл судьяның жеке пікірі мен бағасы деп білеміз. Әрине, олардың хақы бар. Бірақ қорғаушы тараптың пікірі басқа. Сондықтан бұл тек бірінші инстанция. Қазақстанда үш инстанция бар. Алдағы уақытта олар әділ бағасын береді деп сенеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде