Ақтөбе, Атырау облыстарындағы шабындық шөпте құрт қаптаға
Еліміздің батыс өңірінде құрт қаптады. Әсіресе Ақтөбе мен Атырау облыстарының шектес аумағында зиянкес шабындық шөптің түгін қалдырмай отап жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
18.05.2022
Былтыр қуаңшылықтан малына шөп таба алмай шаршаған шаруалар биыл құрттың кесірінен төрт түлік қырыла ма деп қауіптенеді. Өз күшімен улағанымен, зиянкес дес берер емес. Толассыз жауған жауыннан соң жұлдыз құрт көбейген.
Былтыр да Ақтөбе облысының бірнеше ауданында құрт жайлап, шөппен қоса пісіп қалған көкөніске дейін кеміріп тастаған-ды. Ол кезде шарулар құртты мемлекет тарапынан улауға міндетті зиянкестер қатарына қосуы сұрады. Бірақ ауыл шаруашылығы министрлігі құлақ аспады. Енді соның кесірінен биыл тағы да шалғын құрттың жаппай жұмыртқалауына жол беріп отыр.
Асылхан Әбтиев, Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Дизенфекция халыққа тегін жүргізілмейді. Өз ақылары бар. Ал шаруашылықтар өз жерін улайтын кезде елу пайыз субсидия қарастырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!