{metadescription}
Реформа: Әр азамат Мәжіліс депутаты бола алады
Реформа: Әр азамат Мәжіліс депутаты бола алады

Реформа: Әр азамат Мәжіліс депутаты бола алады

Енді кез келген Қазақстан азаматы өз кандидатурасын ұсына отырып, ешқандай партиялық тізімсіз-ақ, Мәжіліс депутаты бола алады. Тек заңда көрсетілген талаптарға сай болса болғаны. Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістің бірі осы.

Депутат өз уәдесінде тұрмаса, сайлаушылар тіпті оны мандатынан да айыра алады. 

5-маусымда ел азаматтары Ата заңдағы өзгерістерді қолдап дауыс берсе, келер жылдан бастап Конституциялық сот та жұмысын бастауы тиіс. Оған енді азаматтар мен заңды тұлғалар, яғни кез келген қоғам өкілі жүгіне алады. Бұған дейін Конституциялық кеңеске 9 субъект жүгіне алатын. Қазір елімізде осы реформаларды түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Өйткені жалпыхалықтық референдумға үш аптадан аз уақыт қалды. Сарапшылар 56 түзетуді жеке талдап, тыңғылықты түсіндіріп жүр.

Бақыт Нұрмұханов, Конституциялық кеңестің аппарат басшысы:

- Конституциялық сотттың үлкен бір ерекшелігі, оған азаматтардың, заңды тұлғалардың, басқа да қоғам өкілдерінің жүгіне алуы. Әрбір Қазақстан азаматы белгілі бір дауды шешу кезінде қолданылатын заңның өзге де нормативтікқұқықтық актінің Ата заңның талаптарына сәйкестігі тұрғысынан күмәні туындаған жағдайда тікелей Конституциялық сотқа жүгіну құқына ие болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде