Кәсіпкерлер жұмыссыз жастарға өз компаниясынан орын ұсынады
Елімізде еңбекке құлықсыз жастар саны көбеюде. Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша республикада не жұмысы жоқ, не оқу оқымайтын, яғни NEET санатындағы жастар саны миллионнан асқан.
Автор: Гүлім Советқан
18.05.2022
Бүгінде оларды әлеуметтендіру мен еңбекке ынталандыру мақсатында арнайы іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша 15 - 28 жас аралығындағы еңбекке жарамды жастардың 6,7 пайызы жұмыссызбос жүр. Алматыда TEDx форматында өткен конференцияда жастарды жұмыспен қамту үшін 40-тан астам іс-шара өткізу жоспарланғаны айтылды. Осы іс-шаралар нәтижесінде 29 мыңнан астам жұмыссыз жастар тіркелген. Жыл соңына дейін 4200-ге жуық еңбекке қабілетті жастарды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Бүгінгі басқосуда бой көрсеткен кәсіпкерлер де өз компанияларынан бос орын ұсынатынын айтты.
Арман Әубәкір, «Адырна» ҰЭБ» ҚҚ президенті:
- TEDx конференциялары, шеберлік сыныптар, кәсіпкерлер өз тәжірибесімен бөліседі, сонымен бірге кездесу өткізеді. Елімізде қазір NEET жастары деген маргиналды жастар оқуда да жоқ, білімде де жоқ, еш нәрсеге құлқысыз, өзінөзі дамытуға ынталы емес жастардың қатары өте көп. Сондықтан мемлекет бұл тарапқа көп көңіл бөліп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!