{metadescription}
Автонесие: Екі банк үш күнде 31 миллиардқа несие берген
Автонесие: Екі банк үш күнде 31 миллиардқа несие берген

Автонесие: Екі банк үш күнде 31 миллиардқа несие берген

Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы басталғалы төрт мыңнан астам өтініш мақұлданған. Екінші деңгейлі екі банк үш күнде 31 миллиард теңгеге несие беріпті. Бір күнде дилер орталықтарға 14 мыңнан астам өтініш түскен. Өндірісті дамыту қоры бүгін осылай деп мәлімдеді.

Осы аптада іске асқан бағдарлама елордада ұзын-сонар кезек, шумен басталған. Бүгін көлік салондары тып-тыныш, кезекке тұрғандар қандай көлік алатынын таңдап, банктер арқылы рәсімдеудің жолын біліп жатыр. Дегенмен отандық өндірушілер әлі де болса автокөліктердің қолда жоқтығын алға тартады. Алғашқы партиясы бүгін-ертең келуі керек. Ал автонесиелеу бағдарламасы аясында өтініш қабылдауы тиіс төрт банктің әзірге үшеуі жұмыс істеп тұр. Өндірісті дамыту қоры мәліметіне сүйенсек, қазір тек бір қаржы ұйымы «Оператор Роптан» бөлінетін 100 миллиардтың 25 миллиард теңгесін күтіп отыр. Қаражатты ала сала, банк несие беру өтініштерін қабылдауға  қор айтқандай, ертең емес, тек келесі аптада кіріседі.

Жанар Ибрашева, «Өндірісті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Қазір бағдарламаға қатысуға «Банкцентркредит», «Халық банкі», «Еуразиялық банк» тұтынушылардың өтініштерін қабылдап жатыр. Ертеңнен бастап Forte bankте қосылады. Кейінірек қосылып жатқан банктердің мәселесі, ол корпоративтік процедураларға байланысты. Ол банк тарапынан да, Өнеркәсіпті дамыту қорының тарапынан да.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде