{metadescription}
Елімізде темекі қымбаттайды
Елімізде темекі қымбаттайды

Елімізде темекі қымбаттайды

Темекі қымбаттайды. Елде алдағы екі жылда акциз бағасының көтерілу себебінен шылым бағасы өседі. Қазіргі бір қорабының құнына тағы 300-350 теңге қосылады.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, 2024 жылға дейін 1000 дана темекінің акцизі 35 еуроға дейін баруы мүмкін. Бұл теңгеге шаққанда шамамен 16 мың теңге.

Акциз елімізде өндірілетін, сондай-ақ сырттан келетін өнімдерге  енгізілетін салық түрі. Акцизделетін тауарларға спирттік ішімдіктердің барлық түрі, темекі, бекіре және қызыл балық, платина, алтын, күмістен жасалған зергерлік бұйымдар да жатады.

Үкіметте құрамында қанты бар сусындардың акцизін көтеру мәселесі де  талқыланып жатыр екен. Бірақ оған қатысты нақты шешім әлі қабылданбапты. Әзірге белгілісі тек темекі ғана.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде