{metadescription}
Атырауда қылмысты жасырған салғырт полицейлер сотталды
Атырауда қылмысты жасырған салғырт полицейлер сотталды

Атырауда қылмысты жасырған салғырт полицейлер сотталды

Қылмысты жасырған полицейлер сотталды. Атырауда қызметіне салғырт қарап, ауыр қылмысты ашуға әрекет етпеген төрт полицейге  үкім шықты. Олар 3 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.  

Эльмира Ойқұлова, судья:

- Іс бойынша полиция қызметкерлеріне он рет арыз-шағым берген. Арызына дер кезінде шара қолданып, тиісті жазасын алса, жіті қарап, оның өзі полиция қызмектерлерінің тікелей міндеттемелерін білмейтіндігін көрсетіп отыр.

Сот екі полицейді өмір бойына, ал екеуіне 5 жылға дейін құқық қорғау саласында жұмыс істеуге тыйым салды. Рақымшылыққа іліккен екі сотталушының жаза мерзімі қысқартылды.

Былтыр Атырауда махаббатқа мас болған күдікті жесір келіншекті балаларының көзінше балғамен ұрып, кейін өзі асылып өлген еді. Осы оқиғадан кейін  жәбірленуші келіншек күдіктінің өзіне талай мәрте зәбір көрсеткенін, бірақ полиция оның арыздарын  қабылдамай, қылмысты жасырғанын айтып шағымданды. Тексере келе, қызметіне салғырт қараған жеті тәртіп сақшысы лауазымынан босатылып, оларға қатысты әрекетсіздік, сөз байласу, қылмысты жасыру баптарымен іс қозғалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.