{metadescription}
Сенат депутаттары: Тәрбиешілердің айлығын көтеру керек
Сенат депутаттары: Тәрбиешілердің айлығын көтеру керек

Сенат депутаттары: Тәрбиешілердің айлығын көтеру керек

Тым аз жалақы алады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілердің еңбекақысы төккен теріне тұрмайды.

Осылай деген Сенат депутаттары үкіметтен тәрбиешілердің айлығын көтеру жолын қарастыруды сұрады. Қазір олардың орташа жалақысы шамамен 120 мың теңгенің шамасында екен.

Мардымсыз еңбекақы тәрбиешілер жүйкесінің жұқаруына да әсер етеді дейді депуттаттар. Соның салдарынан бөбекжайдағы бүлдіршінге қол көтеріп күш қолдану оқиғалары жиі қайталанып жүр. Ақшасы тым аз, ал жұмысы көп болғаннан кейін маман жетіспеушілігі де байқалады. Дәлірек айтқанда жоғары білікті мамандар тапшы. Өйткені бұл салада еңбек етіп жүргендердің тең жартысы кәсіби дипломы жоқ жандар. Оған себеп тәрбиеші болуды мектеп бітіруші түлектер таңдағысы келмейді. Ал бұл салада еңбек ететіндер көп жағдайда амалдың жоқтығынан ғана келіседі екен. Сондықтан депуттаттар қазір жұмыс істеп жүрген мамандардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік беру керек дейді. Сондай-ақ жалақысын мектеп мұғалімдерімен теңестіріп, ауылдағы кадрлерді үймен қамтамасыз ету мәселесін де қарастырған жөн деді сенаторлар.

Динар Нүкетаева, Сенат депутаты:

- Қалыптасқан мөлшерлеме жүйесін негізге ала отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне еңбекақы төлеуді қайта қарау керек. Сондайақ ауылға баратын  жас мамандарға әлеуметтік пакеттерді, оның ішінде уақытша тұрғын үйлерді қамтамасыз етіп, жағдай жасауды да назарға алған жөн. Балалардың мектепке дейінгі ұйымдарда қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ондағы талаптарды да күшейту қажет.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде