Конституцияға енгізілетін түзетулердің басты мақсаты не?
Конституцияға енгізілетін түзетулердің басты мақсаты – мемлекеттік модельді жүйелі түрде трансформациялау. Бүгін әлемдік экономика және саясат институтының сарапшылары 5-маусымда өтетін Референдумды талқылады.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
19.05.2022
Алматыда ұйымдастырылған алқа жиынына саясаттанушылар, экономистер мен әлеуметтанушылар қатысты. Олар негізгі заңның 33 бабына қатысты түзетулердің өзектілігін атап өтті.
Петр Своик, саясаттанушы, экономист:
- Келесі Конституция 1995 жылы қабылданған Конституциядан мүлде бөлек форматта болады. Өйткені жаңа, саяси және экономикалық кезеңге жол ашады. Әрі бұл өзгерістер тек Қазақстанға ғана емес, бәріне аса қажетті шешім.
Мамандардың пікірінше, келесі айда өтетін Конституциялық референдумның маңызы зор. Себебі, Конституциялық түзетулерден кейін Президенттің өкілеттігі қысқарып, Парламенттің рөлі күшейіп, сот жүйесі нығайтылады. Тұтас алғанда Президент реформаларын жүзеге асыру орталықтандырылған биліктен бас тартып, парламентаризм мен көппартиялық жүйенің, саяси бәсекелестіктің нығаюына оң әсер етуге тиіс. Бұл науқан әлемдегі қиын экономикалық жағдай мен өткір халықаралық шиеленіс кезінде өтпек.
Гүлмира Ілеуова, «Стратегия» ҚҚ жетекшісі:
- 51 сарапшыға жүргізген сауалнаманың қорытындысы бойынша, олардың 51-пайызы Президенттің шешімі негізінде барлық реформа жарты жылдың ішінде жүзеге асуы керек дейді. Ал 33 пайызы реформаларды қабылдамас бұрын сапалы талқыдан өткізіп, асықпау керек деп отыр. Қысқа мерзімде қандай өзгерістер енгізілуі керек. Бұл сайлау туралы заңнама, сайлау жүйесі, партиялар туралы заңнама, Парламент палаталарының жұмысын қалыптастыру негіздері, қоғамдық бірлестіктердің заңнамасы, жергілікті өзінөзі басқару заңнамасы. Бұл биылғы жылға ұсынылып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!