Құлсарының экс-басшысы есірткі тыққаны үшін ұсталғаны рас па?
Экс-әкім есірткі тасымалдап жүр ме? Бүгін Құлсары қаласының бұрынғы басшысы есірткі тыққаны үшін ұсталды деген ақпарат тарады. Әлеуметтік желілерде желдей ескен видеода Қаржау Шарғабаевтың ақ түсті затты ұстап тұрғаны анық аңғарылады.
Автор: Жанат Молдашева
20.05.2022
«Таныстарымның затын алып кетуге келдім» деген ол, бұрын да бұл маңға үш рет келгенін мойындайды. Бірақ жазбада оның қатты соққыдан бет-аузының ісіп кеткені көрініп тұр. Алайда көп ұзамай экс-әкім әлеуметтік желідегі парақшасында бейнеүндеу жариялады. Айтуынша, белгісіз біреулердің ұрып-соғып, құжаты мен телефонын тартып алған. Сөйтіп мәжбүрлі түрде камераға түсіріп алыпты. Денесінің сау тамтығы қалмай көгерген Қаржау Шарғабаев енді құзырлы орындарға шағымданбақшы. Десе де полиция қазірдің өзінде осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Бұрынғы әкімнің есірткі тасымалдаумен айналысқан-айналыспағаны да тексеріледі.
Қаржау Шарғабаев:
- Барлығы жабылып, менің құжатымның 2019 жылы Құлсары қаласы әкімі қызметімде жүргендегі визиткамды тауып алып, сол визитканы пайдалана отырып, менен видеоға түсіруге талап етті. Мен бұл видеоға менің денсаулығым үшін өмірім үшін және де жанұямның амандығы үшін бұл видеоға қорыққаннан, өзімді қорғағаннан түстім, айттым.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!