{metadescription}
Алматыда студенттер мінген көлік жантүршігер жол апатына себепкер болды
Алматыда студенттер мінген көлік жантүршігер жол апатына себепкер болды

Алматыда студенттер мінген көлік жантүршігер жол апатына себепкер болды

Алматыда 21 жастағы студенттер мінген көлік жантүршігер жол апатына себепкер болды. Оқыс жағдайдан машинаның жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырса, түрлі жарақат алған тағы үш жігіт ауруханаға жеткізілген. Олардың бірі қазір жансақтау бөлімінде хәл үстінде жатыр.

Марат Алматов, Алматы орталық қалалық клиникалық ауруханасы нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі:

- Екі науқас нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Екеуі де миының шайқалуы деген диагнозбен келіп түсті. Көптеген дене жарақаты бар. Екеуінің жағдайы бір қалыпты. Тағы бір науқас келіп түсті. Оның жағдайы өте ауыр. Аппаратпен тыныс алуда. Басы соғылып шок алған, қабырғалары сынған. Өкпесінде қан жиналған. Жүректің соғылуы деген диагноздармен жатыр.

Қайғылы оқиға кеше түнгі сағат он екіге жуық әл-Фараби даңғылының бойында болған. Алдымен Toyota Grаcia көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай жол жиегіндегі бетон бордюрға соғылыпты. Соның екпінімен машина Шевролет маркалы көлігін қағып, жарнама бағанасына барып жапырылған. Toyota Grаcia-ны басқарған 21 жастағы жігітті сау-тамтығы қалмаған, көліктен құтқарушылар әрең алып шықты. Ол жедел жәрдем келгенше тіл тартпай кеткен.      

Марқұмның жанында отырған досы қазір өмір мен өлім арасында жатыр. Жас жігіттер ішімдік ішкен бе, ол жағы әзірге белгісіз. Полиция аталмыш жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғап, тиісті сараптама тағайындалды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.