{metadescription}
Мешін шешегі дүниежүзінде 14 елге жайылып үлгерген
Мешін шешегі дүниежүзінде 14 елге жайылып үлгерген

Мешін шешегі дүниежүзінде 14 елге жайылып үлгерген

Әлемді дүрліктірген мешін шешегі Қазақстанда анықталмады. Дүниежүзінде қазір 110 адам осы вирусқа шалдыққан. Приматтардан жұғатын вирус 14 елге жайылып үлгеріпті. Орталық Африкада алғаш анықталған ауру Солтүстік Америка мен Еуропа елдерінде тез таралып жатыр.

Еліміздің әуежайларында қазір алыс шетелден келушілер жіті тексеріліп, міндетті түрде қашықтық термометриядан өтеді.

Мешін шешегі туралы бірінші болып Еуропа елдері ішінде Қазақстанмен барыс-келісі көп Ұлыбритания хабарлады. Вирус онда өткен аптада Нигериядан оралған азаматтан анықталған. Індет тікелей ауру приматтардан да, адамнан адамға да жұғады. Науқаспен ұзақ уақыт қарым-қатынас кезінде ауа, сілекейі арқылы беріледі. Алғашқы белгілері, дене қызуының көтерілуі, жалпы интоксикация, құсу. Артынша денеге  бөртпе қаптайды. Індетпен ересектер жеңіл ауырса , балалар мен жүкті әйелдер көз жұмуы мүмкін. Дегенмен кәдімгі шешектен қорғайтын вакцина мешін вирусына қарсы тұра алуы мүмкін дейді мамандар. Алайда бұл індеттің нақты емі мен екпесі әзірге жоқ. Сондықтан шетелге шыққан жағдайда медициналық бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтап, қолды антисептикпен жиі жуу керек.  

Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі,  бас санитар дәрігері:

- Маймыл шешегі бойынша профилактика шаралары: біріншіден, маймыл шешегінің өршуі тіркелген Батыс Африка елдеріне бармауды ұсынамыз. Шет елдерге шыққан кезде жабайы жануарлармен байланыс жасамау және көше саудасы орындарынан тамақ ішпеу. Тамаққа тек термоөңдеуден өткен етті пайдалану.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде