{metadescription}
Алматы облысы: Жаңатұрмыста жер сатып алғандар далаға қалған
Алматы облысы: Жаңатұрмыста жер сатып алғандар далаға қалған

Алматы облысы: Жаңатұрмыста жер сатып алғандар далаға қалған

Жылдарға жалғасқан жер дауы. Алматы облысының Жаңатұрмыс ауылында баспана тұрғызып жатқан жұрт құрылысты аяқасты тоқтатуға мәжбүр болды. Ойда жоқта бұғат қойылған жер телімдерінің заңды иесіміз дегендер  мәселені түсіндіруді талап етіп Қарасай аудандық прокуратурасының алдында жиналды.

Ал құзырлы органдағылар қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын ғана айтып қысқа қайырды. Ал дау шешілмейінше6 тұрғындардың кезінде банк аукционы арқылы алған учаскелерін не сатуға, онда не құрылыс жүргізуге тыйым салып отыр екен. 

Жиналған қырық кісі бір жақ. Барлығының қалауы өз мүліктеріне өздері иелік ету. Өйткені екі жыл бұрын аукцион арқылы алған жер телімдеріне осымен екінші рет бұғат қойылыпты. Салдарынан қараша үйдің құрылысын бастай алмай, не жерді сата алмай отырмыз деп ашынады. Соның бірі - Амалбек Мақаев. Ол да барын беріп, жер алған.

Амалбек Мақаев, Қарасай ауданының тұрғыны:

- Сатып алған жерімізді өз ақшамызға, жинаған ақшамызға жер сатып алып, қазір далада отырмыз. Жер бар. Құжаттары қолымызда, қағазымыз бәрі бар. Мыналар алды да арестке қойып тастады. Ол бұрын шаруашылық болған жер екен. Алаяқ па, біреу алып, банкке қойып кеткен. Жерді. Біздің жігіттер шығарып, ақшасын төлеп, Үкіметтің аукционында 10 күн заңды тұрған жерлер.

- Бір баламызға үй соғып берейік дедік. “Ойбай, арестке қойды” дегесін, есігіміздің алдына бүкіл құрылыс материалдарын жинап қойдық. Ертең барамыз да, күн жылыса соғамыз. Жаңбыр тоқтасын деп күтіп отырдық. Кеше арестке қойды деп қағаз келді. Қоя тұрыңдар деп.

Бұл  Жаңатұрмыс елдімекенінде жатқан бос алқап. 67 гектар аумақ.  Бірнеше жыл бойы банкте кепілдікте тұрыпты. 2020 жылы «Проблемалық несиелер қоры» 584 миллионға бағалап аукцион арқылы азаматтарға сатқан екен. Содан бері заңдастыру жұмыстарымен жүрген қараша қайта-қайта не себепті бұғат қойылып, тексеріс жүргізіп жатқандарына аң-таң.

Әлжан Дүйсенбай, Қарасай ауданының тұрғыны:

- Біздің жасаған рәсімдеуіміздің барлығы заңсыз дейді. Ал бізде қарасаңыздар, бір жарым жылдың ішінде жасаған бүкіл құжаттарымыздың барлығы сол именно мемлекеттік корпорация арқылы жасалған. Жер комитеті бар, тіркелген. Егер заңсыз деп табылса, сол кезде табылу керек еді.

Тұрғындар тайлы тұяғымен Қарасай ауданы прокуратурасына барды. Алайда ішке тек санаулы ғана адамды кіргізген қадағалаушы орган өкілдері бұғаттың бұған дейін түскен арыз бойынша қойылғанын айтады. Яғни шағымды өзге де иелік еткендер жазыпты. 

Жәнібек Жақаев, Қарасай ауданының прокуроры:

- Бізде қазіргі кезде осы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол жерде 15 адам арыз жазған болатын. Олар да осы жер сатып алушылар болып саналады. Бұл қазір6 былайша айтқанда6 сіздермен олардың ортасындағы жер дауы мәселесі болып тұр. Сол бойынша қазір қылмыстық іс қозғалған. Бұл жер кімге тиесілі, қалай болған, барлық рәсімделген құжаттарды қарап, тиісті бағасын береді.

Істі тергеу екі айға дейін жалғасуы мүмкін екен. Яғни сол аралықта жер телімін сатуға, не үй салуға тыйым салынады. Сондай-ақ бүгінгі жиналғандардың да өздеріне арыз жазып өткізулерін, яғни сотқа жүгінуін ескерті. Сонда ғана жер телімдерінің заңды қожайыны кім екені белгілі болады деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде