{metadescription}
Автонесиелеу шарттарына біраз өзгеріс енгізіп үлгеріпті
Автонесиелеу шарттарына біраз өзгеріс енгізіп үлгеріпті

Автонесиелеу шарттарына біраз өзгеріс енгізіп үлгеріпті

Елімізде жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы басталғалы 34 адам жаңа көлік иесі атанды. Бүгінге дейін 14 мыңнан астам тұрғын өтініш бергенімен, банк бес мыңға жуығының ғана төлем қабілетін растаған. Ал Өндірісті дамыту қоры автонесиелеу шарттарына біраз өзгеріс енгізіп үлгеріпті.

Ғалымжан Әди, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма басшысы:

- Бастапқы талапқа сәйкес, автосалонмен берілетін төлем құжатына міндетті түрде автокөліктің VIN коды көрсетіледі деген талап қойылды. Осы мәселе, сәл қиындық туғызуына байланысты біздің басшылықпен, автокөлік шығарушылармен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде бұл VIN код көрсетілмейтін болды. Осының нәтижесінде несие халыққа қолжетімді болады.  

Енді көлік салондарындағы екінші деңгейлі банктер КАСКО сақтандыруы бойынша толық төлемді сұрамауға тиіс. Алайда сатып алушы бірден 7 жылға көліктің сақтандыру сомасын төлеймін десе, банктер одан бас тарта алмайды. Әзірге өтініштерді үш банк қарап жатыр. Соның өзінде біреуі берілген 15 миллиард теңгені тауысқан. Ал екінші транш әлі бөлінбепті. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының айтуынша, елімізде көлік жеткілікті. Сегіз мың машина резервте тұр. Маусым айында оның екі жарым мыңы орталықтарға жеткізіледі.

Мамандар темір тұлпарлардың бағасының жақын күндері қымбаттамайтынына сенімді. Құны шарықтап жатса, бұған автонесиелеу емес, доллардың өсуі, шикізат, тасымалдау бағасының артуы сияқты факторлар әсер етуі мүмкін. Ал жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы банктерге тиімсіз екен. Екінші деңгейлі қаржы ұйымдары жобадан «ешқандай пайда көрмейміз» деп ақталды.

Сабыржан Жансерік, «Евразиялық банк» АҚ Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы директорының орынбасары:

- Төрт пайыз деген Ұлттық банктің негізгі пайызынан да төмен. Бұл жерде бөліп төлеуге келеді. Сондықтан банктер бұл бағдарламадан ешқандай пайда көрмейді. Көреді деп айтуға болмайды. Ешқандай пайда жоқ. Тек қана оператор ретінде бұл бағдарламаны таратушы болып есептелінеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде