Бурабайда Sport FEST Kazakhstan спартакиадасы мәресіне жетті
Бурабайдағы «Балдаурен» лагерінде Sport FEST Kazakhstan оқушылар спартакиадасы мәресіне жетті. «Самұрық-Қазына траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен өткен спорт шарасына еліміздің түкпір-түкпірінен 102 команда қатысты.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
23.05.2022
Әсет Қылышбаев, Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жобалық басқару департаментінің директоры:
- Жастардың жанжақты дамуы, жеке тұлға болып қалыптасуына пайдасын тигізетін шара. 14-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысып жатыр. «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қоры ұйымдастырып отырған спартакиада кәсіби спортқа бет алған жастарға жол көрсететін жоба. Жас спортшылардың басын біріктіреді.
2017 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан спартакиадаға аймақ, облыс жарыстарында озып шыққандар жиналған. Жеті мың оқушыдан 500-і іріктеліп «Балдаурен» лагеріне келіп күш сынасты.
Командалық сайыста Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары үздік орынға шықты. Марапатты олимпиада ойындарының жүлдегерлері Абзал Әжғалиев, Марина Вольновалар табыстады. Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры балаларға бағалы сыйлық таратты.
Дана Сатыбалдиева,жарыс жеңімпазы:
- Баскетбол ойыншысымын. Осы спортвест жарысына қатысқаныма өте қуаныштымын.Спортсмендерге барлық жағдай жасап жатыр.Көптеген қиын командалар болды.Соның арасынан суырылып шыққанымызға, өзіміздің облысымыздың атын шығаруға өте қуаныштымыз. Түркістанның атын шығарғымыз келеді, биік белестерден көрініп.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!