{metadescription}
Амангелді Сейітханды еске алу турнирінде КТК командасы II орын алды
Амангелді Сейітханды еске алу турнирінде КТК командасы II орын алды

Амангелді Сейітханды еске алу турнирінде КТК командасы II орын алды

КТК үздіктер қатарында! Алматыда белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітханды еске алу турнирінде КТК командасы екінші орынды иеленді. Шағын футболдан жарыс журналистер арасында өтті.  

Турнирге сегіз өңірден келген барлығы 16 команда қатысты. Ақпарат құралдарының өкілдері аянып қалмай жақсы ойын көрсетті. Тартысты бәсекеде КТК телеарнасының журналистері бар күш-жігерін жұмсап, финалға суырылып шықты. Ақтық сында КТК ұжымы "Қарекет" командасына есе жіберсе, үшінші орынды «Экспресс К» тілшілері қанағат тұтты.

Жарыс аясында Амангелді Сейітханның құрметіне шығарылған "Жеңісті күндерде жүздескенше" кітабының тұсауы кесіліп, арда азаматтың есімімен аталатын телестудия ашылды. 52 жасында өмірден озған әріптесіміз әлемдік доп додаларын жүргізуде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, ел есінде қалды.

Бекасыл Сейітханов, А.Сейітханның ұлы:

- Әкеміз спорттың жанкүйері еді. Әсіресе футболдың. Бұл жердегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен үшін туған ағамдай болып кетті. Әкем футбол жанкүйері болды. Осындай алаңда өсті. Мұндай алаңнан шықпайтын. Осылай қолдау көрсеткен ағаларыма ризамын. Біз үшін бұл үлкен абырой. Алла разы болсын!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде