Доллар бүгін 7 жарым теңгеге арзандады
Доллар бүгін 7 жарым теңгеге арзандады. Ақша айырбастау пунктерінде қазір 1 доллар 416 теңге 50 тиын. Ал Ұлттық банктің бүгінге бекіткен ресми бағамы 424 теңге 84 тиын.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
24.05.2022
АҚШ ақшасы 2021 жылдың ақпанында 416 теңгеден сатылған екен. Теңгенің былай нығаюына мұнай бағасының қымбаттауы әсер еткен.
Каспий құбыр желісі консорциуымы арқылы мұнай тасымалының жандануы және Ұлттық банктың мәлімдегендей ішкі жалпы өнімнің өсуінің де септігі тиіп жатыр.
Басқа валюталарға келер болсақ, еуро сол қалпы 443-451 теңгеге саудаланса, рубль бағамы 6 жарым – 7 теңге төңірегінде тұрақтап тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!