{metadescription}
Утильалым: Қанша қаржы нақты қайта өңдеуге жұмсалып жатыр?
Утильалым: Қанша қаржы нақты қайта өңдеуге жұмсалып жатыр?

Утильалым: Қанша қаржы нақты қайта өңдеуге жұмсалып жатыр?

Ауыл шаруашылығы техникасы утильалымнан босатылуы қажет! Отандық шаруалардың атынан сөйлеп жүрген белсенділер Үкіметке осындай талап қойды. Тіпті соттасуға дайын. Бірақ олардың дегені бола қоюы екіталай.

Министрлер кабинеті «мәселені қараймыз» дегенімен, алымнан толық босатылмайтынын ашық айтты. Тек утильалымнан түскен миллиардтардың бір бөлігі ғана ауыл шаруашылығы техникасын алуға жұмсалуы мүмкін.

Экологиялық салық ретінде  2016 жылдан бері қазақстандықтар атышулы "Оператор РОП" компаниясына 700 миллиард теңге санап берген. Ал сол қыруар қаржының қаншасы нақты қайта өңдеуге жұмсалып жатыр? Бұл сұраққа экология министрі Серікқали Бірекешев те қапелімде жауап бере алмай әбден састы.

Серікқали Бірекешев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Утильтөлемнің кешеден бастап,  «Жасыл даму» қабылданып жатыр. Броньға алып келген автокөліктер қазір жаңа мөлшерлемемен утильалым төлейді.  Автонесиеге жіберген ақшаларымыз заңды. Үкіметтің қаулысы шықты.

Министр мырза тілшілерден тұра қашса да, қоғамда қызу талқыланып жатқан сұрақ сол "басы ашық күйінде" қалды. Күні кеше, елордада жиналған шаруалар агротехникадан утильалымды біржола алып тастауды талап еткен болатын. Тіпті Үкіметке бір ай уақыт беріп отыр. Олай болмаған жағдайда, белсенділер 14 мың шаруаның атынан сотқа арыз түсірмекші. Қызды-қыздымен олар шенеуніктерді лобби жасайды деп кінәлады.  

Алмасбек Садырбаев,  "Шопан ата" қауымдастығының төрағасы:

- Утильалым бірақ адамға керек сияқты. Скляр дейміз, болды. Шынымен де солай ма? Әлде олай емес пе? Сонда бүкіл бүкіл қазақ елі бір әлем, жалғыз Склярға шамамыз жетпей жатыр ма? Утильалым керек дейтін тек Скляр.

Мұндай әңгіменің вице-премьерге жақпағаны анық. Бірақ Роман Скляр белсенділермен соттасып уақыт жоғалтқысы жоқ. Ал олардың талабын, популизм, кінәлауды босқа айыптау дейді. 

Роман Скляр, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

- Жала жабу қылмыс санатынан алынбағанда, бәлкім сотқа берер ме едім. Бірақ, біреуге айыппұл төлетіп жүргім келмейді. Уақыт та жоқ. Біз біртұтас экономикалық әлемде өмір сүріп жатырмыз. Оны ұмытпау керек. Көрші мемлекеттерде де утильалым бар. Біздің өндірушілерімізді, машина жасаушыларды қорғаудың, қолдаудың басқа тетіктері жоқ.

Десе де  сол утилизациялық алымнан түсетін қаржының бір бөлігін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жұмсалуын ауыл шаруашылығы министрі қолдайды. Ербол Қарашөкеев енді соның механизмін ойластырып жатыр.   

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Утильалымнан алынған жиналған қорының бөлігін ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерге техника алу үшін қаржыландыру мақсатында. Ауыл шаруашылығы министрлігі негізі ауыл шарушылығы тауар өндірушілері, шаруалардың жағдайын көріп утильсбордың деңгейі төмен болуды біз талап етеміз.

Экологиялық салық ретінде алынатын утиль алымды ары қарай жөнді қолданудың тетігін Үкімет белсенділермен бірге шешуге ниетті.

Бүгін Үкімет отырысында журналистерден қашқан экология министрі қайтып келіп кәдеге жарату алымының қанша пайызы өңдеуге жұмсалатынын айтты. Салықтың негізгі бағытына жұмсалатын титтей соманы айтуға ұялды ма, әлде дайындалып келді ме қаражатты жария етті

Сонымен қатты-тұрмыстық қалдықтар мен автокомпоненттерді жинауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге шамамен 12 миллиард теңге кетеді екен. Ал биыл Үкімет утильалымнан тағы да 700 миллиард ақша жинап алуды жоспарлап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде