{metadescription}
Шымкентте футбол стадионының шатыры неге опырылды
Шымкентте футбол стадионының шатыры неге опырылды

Шымкентте футбол стадионының шатыры неге опырылды

Шымкентте шатыры ұшқан футбол стадионындағы оқыс оқиғаға сапасыз  құрылыс себеп болуы мүмкін. Қазір бұл болжамды құзырлы органдар тексеріп жатыр.

Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

- Бүгіннен бастап біз сол жерге техникалық қадағалау жүргізіп жатырмыз. Соның нәтижесінде сметалық есептерін жасап, келесі бюджетті нақтылау кезінде ұсыныс беріп, биылғы жылы оның шатырын жасаймыз.

Қазір шатырсыз қалған стадионды қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Үш күн бұрын Шымкенттік Ордабасы мен Павлодардан келген Ақсу клубтарының кездесуі кезінде күшті желден  стадионның шатыры шайқалған еді. Қиранды астында адам қалып қойды деп үрейленген жанкүйерлер жанұшыра жүгірген. Тіпті жанкүйерлер жабылып шатырды көтеріп, астында қалған көк туды алып шықты. Байрақ үшін басын бәйгеге тіккендердің бірі - Нұркен Намаз. Ол  өрт сөндіруші болып қызмет етсе, жанындағы Әбілқайыр Дәулетов алғашқы әскери дайындықтан сабақ береді екен. Тонналаған темірдің астынан туды алып шыққандар өзін батыр санамайды.

Әбілқайыр Дәулетов, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Әрбір Қазақстанның азаматы, азаматы Қазақстан еліне қызмет етуге міндетті. Бізде әскери қызметте болдық. Бұл ту деген қастерлі, өте жоғары жауапкершілікпен қарайтын ұғым. Сол көк тудың астында ант қабылдадық. Енді кез келген Қазақстанның азаматы өлеөлгенше осы көк тудың астында қызмет етуі керек қой. Адал қызмет ету. Бұл көк ту дегеніміз еліміздің тәуелсіздігі. Ол оңай келген жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде