Ақтауда көпқабатты үйдің шатырында жүгірген балалар іздестірілуде
Ақтауда көпқабатты үйдің шатырына шығып, жүгіріп жүрген үш бала іздестірілуде. Полиция департаменті олардың кім екенін анықтап, ата-аналарын жауапкершілікке тартпақшы.
Автор: Айман Нұрмағанбет
24.05.2022
Әлеуметтік желіде таралған бұл видео көптің үрейін ұшырды. Үш бала 19 қабатты үйдің шатырында жүгіріп ойнап жүр. Оқиға кешкі сағат алтылар шамасында болған. Элиталы тұрғын үй тәулік бойы күзетіледі. Пәтер иелері кооперативі жоғары қабатқа шығып ойнаған осы үйдің тұрғындары болуы мүмкін дейді. Олар шатырға шығатын есіктің құлпысын бұзып кірген дейді жауаптылар.
Анар Қабылова, Пәтер иелері кооперативінің төрайымы
- Крышаға шығатын выходты сындырған замокты. Үлкендеу балдар. Қазір участковыйға беріп отырмыз. Участковый солардың атаанасымен сөйлеседі. Қазір енді оның барлықтарын обход жасап тексерткіздік. Замоктарын восстанавить еттік. Қазір все на замке.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!