{metadescription}
Атырауда биыл 70-тен астан баланы қаңғыған иттер талаған
Атырауда биыл 70-тен астан баланы қаңғыған иттер талаған

Атырауда биыл 70-тен астан баланы қаңғыған иттер талаған

Атырауда қаңғыбас иттер қаптаған. Жыл басынан бері жетпістен астам баланы ит талаған. Тұрғындар төрт аяқты мақұлықтардың көзін жойсын  деп ашынып отыр. Алайда ит аулауға жаңа заң мен жануарларды қорғаушылар қолбайлау екен.

Атыраудың қаласы  мен даласы, ауданы мен ауылында бұралқы иттер қаптады. Бұған себеп: «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының қолданысқа енгені. Бұл заңға Президент желтоқсанда қол қойып, наурызға толық  күшіне енген. Осыдан кейін жергілікті атқарушы органдар қаңғыбас ит-мысықтың көзін жоюды тоқтатқан.

Алайда жыл басынан бері тек Атырау қаласының өзінде жетпістен астам баланы иттер талаған. Көшеде күнара бір бала құтырған төрт аяқтыға таланады.  Ашынған атыраулық  аналар қаланы қаңғыбас иттен тазартуды талап етіп бейбіт митингіге шығып жатыр. “Иесіз жүрген бұралқы  иттерді атуға рұқсат берілсін”, -  дейді. Қала тұрғыны Әсем Байжанның осыдан бір апта бұрын бес жасар жиенін  ит қауып алған. Бет терісі жұлынған бала психологиялық соққы алған.

Әсем Байжан, Атырау қаласы тұрғыны:

- Қазір бала телміріп бір нүктеге қарап отырады. Психологиялық соққы алды. Өмір-бақи баланың есінде қалған. Түннің бір уағында атып тұрып есікке қарай жүгіреді . Кімнен алам мен жауапкершілікті?!  Бәріне хабарластық, бәрі ешқандай көмек көрсете алмайтынын айтады. Қазіргі таңда ит аулау жоқ,заң бойынша өлтіре алмаймыз. Сонда біздің балаларымыздың өмірі ит құрлы жоқ па?!

«Бұралқы иттің көптігі сонша, кеш батса бала түгілі, жас-кәрі далаға шыға алмайтын жағдайға жеткен. Ал жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң халықтың келісімінсіз қабылданды - дейді аналар.

Сандуғаш Кукенова, Атырау қаласының тұрғыны:

- Билік тарапынан осыны бір жақты шешіп беруді талап етеміз. Себебі, әрбір ана өз баласы үшін барлық нәрсеге баруға дайын. Атыраулық аналардың жаны жай тауып отырған жоқ. Итке заң жоқ та, халыққа заң бар. Ол да әділетсіздік. Қазір біз шығарға тесік таппай отырмыз.

Өткен жылы 400-ге жуық бала итке таланып облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Ветеринар дәрігерлер де қазір өңірде қаңғыбас иттердің  тым көп екенін мойындап отыр. Алайда бұрынғыдай көзін жоя алмаймыз дейді. Оған қоса жақында күшіне енген заңның әлі орындау нормативтері де шықпаған. Қазір ит аулап уақытша қамап қоятын кәсіпкер де анықталған. Бірақ оның өзі тек қабуға, тістеуге ұмтылғандарын ғана аулайды екен.

Сатыбалды Оразғалиев, Атырау қаласы ветеринария стансасының басшысы:

- Тек агрессия көрсеткен итті аулайды. Жалпылама ит аулауға оған өкілетті органдардың қағидалары мен актілері бекітілмеген соң, тек заңды басшылыққа алып, жұмыс істеп отырмыз. Тұрғындардың сұранысымен.

Алайда қаңғыбастарды аулауға еріктілер қарсы. Тіпті жануарларды қорғаушылар мақұлықтардың құқын қорғап митингіге де шыққан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.