{metadescription}
Соңғы қоңырау: Мұғалімдерге сыйлыққа ақша жинауға қатаң тыйым
Соңғы қоңырау: Мұғалімдерге сыйлыққа ақша жинауға қатаң тыйым

Соңғы қоңырау: Мұғалімдерге сыйлыққа ақша жинауға қатаң тыйым

Елімізде биыл 170 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасады. Білім және ғылым министрлігі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына байланысты соңғы қоңырауды салтанатты түрде өткізуге рұқсат етті.

Бірақ түлектерге мектеп қабырғасынан тыс мерекелік отырыстар ұйымдастыруға, жалға алынған автомобильдерде экскурсиялар өткізуге шектеу қойды. Әсіресе мұғалімдерге сыйлыққа ақша жинауға қатаң тыйым салып отыр.

Жомарт Қарамбаев, ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары:

- Мұғалімге ешқандай түрде сыйлық беруге тыйым салынған. Алатын болса, жағдай дәлелденсе, педагогикалық этика бойынша кеңес бар. Сол кеңесте міндетті түрде тиісті шешім шығарылады. Кафе, мейрамхана дейміз, басқа ойын сауықтыру орындарында осы соңғы қоңырауға арналған мерекелерді мектеп бітіруге арналған мерекені өткізуге тыйым салынған. Бірақ гүл сыйлауға болады. Ол бұрыннан келе жатқан, қарапайым, жақсы дәстүр.

Ертең жалпы 3,5 миллионнан астам оқушы үшін соңғы қоңырау соғылады. Министрлік биыл пандемия кезінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыруды көздеп отыр. Яғни 26 мамыр мен 17 маусым аралығында 1 мен 8 және 10 сынып оқушылары үшін білім беру ұйымдары жазғы мектеп ұйымдастырмақ. 

Ал биылғы жылы «Алтын белгі» төсбелгісіне 8 мыңнан астам түлек үміткер. Оларға осы жылы ҰБТ тапсыруға және мемлекеттік грантты иелену үшін екі мүмкіндік беріліп отыр екен. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы

Гүлнар Ермекбаева брифинг барысында атап өтті. Оның көмегімен мамандандырылған пәндердің тек бір комбинациясын таңдауға болады екен. Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамырда басталды, 5 шілдеде аяқталады. Пәндердің саны өзгеріссіз.

Ерекше білім беруді қажет ететін талапкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін алғаш рет негізгі 240 минутқа қосымша тағы 40 минут беріледі.  Олар үшін тест нұсқалары суреттерсіз, диаграммаларсыз және сызбаларсыз әзірленіпті.

Талапкерлерге өз білімін іс жүзінде көрсетуге арналған, жауаптары жатталатын емес, сұрақтар енгізген.

Гүлнар Ермекбаева, Алматы қаласының білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

- ҰБТ кезінде компьютер экранында калькулятор, Менделеев кестесі және металдардың бірқатар белсенділігі қосылған тұздардың ерігіштігі кестесі қолжетімді болады. Үміткерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат апелkяция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде