{metadescription}
Ақтөбеде тұрғындар көпқабатты үйдің тауқыметін тартып отыр  
Ақтөбеде тұрғындар көпқабатты үйдің тауқыметін тартып отыр  

Ақтөбеде тұрғындар көпқабатты үйдің тауқыметін тартып отыр  

Ақтөбеде тұрғындар көпқабатты үйді мемлекеттік бағдарлама бойынша жөндеп беруді талап етіп отыр. Өйткені ғимараттың қабырғасыл қақырап, шатырынан су сорғалап, жертөлесі кәріз қалдығына толған.

Ал оны жаңартуға өздерінің күші жетпейді. Үйдің жағдайын шенеуніктерден бастап, қарапайым халықтың бәрі біледі. Кезінде бір апта ақтөбеліктерді үрейде ұстаған содырлар дәл осы үйде жасырынған болатын.

Ақтөбенің қақ ортасындағы бұл үйде 160 пәтер бар. Оның жартысына жуығында қазір адам тұрмайды. Төбесінен су сорғалап, жертөлесі кәріз суына көлкіп тұрған ғимаратты паналау мүмкін емес. Бірақ басқа барар жері жоқ тұрғындар бұл тауқыметке көніп келеді.

Тұрғындар бұл үйді соғыс немесе қорқынышты фильм түсіруге “таптырмас орын” дейді. Тастай қараңғы подъезд, салбыраған электр сымдары, сыз тартқан қабырғалар. Осының өзінен-ақ бойыңды үрей билейді.

Жағдайы кеткен үйге қылмыскерлер де үйір. Осыдан алты жыл бұрын әскери бөлім мен қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған лаңкестер де осында жасарынған болатын. Кейін өрімдей оқушы қызды зорлаған педофилді де осы маңнан ұстаған. Үй жөндеуден өткізіп есік-терезесі бүтінделсе, ондай қауіптен аман болар едік дейді тұрғындар.

Құдайберген Өмірсерікұлы, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Мынау бомба түскендей кәдімгі. Үйдің жағдайын түсіріп жатыр ғой. Ана төртінші, бесінші қабат. Түрме жақсы шығар, түрме мың есе артық мынадан. Бірақ енді амал жоқ, қайда барасың?

Тұрғындар қазіргі кондоминиум басшысының қызметінен бас тартпақшы. “Ол ақша жинағаннан басқа түк бітірмейді” деп налиды. Енді өздері жиналып, терможаңғырту бағдарламасына іліксек деп отыр. Бағдарламаға жауапты шенеуніктер өтініш түссе қаржы бөлуге қарсы емеспіз дейді.

Олжас Зияев, «Ақтөбе» ӘКК АҚ департамент директоры:

- Олар қазір кезекке тұра алады. Өйткені жалпы ереже бойынша термомодернизацияны жүргізу бойынша халық бірінші кезекте келісімін алу керек. Келісім беретін болса, үш айдан бес айға дейін, яғни ақша түсу республиканский бюджеттен. Қалай бізге ақша түседі, күрделі жөндеу жұмыстарын бастай аламыз.

Қазір Ақтөбе қаласында16 көпқабатты үй тереможаңғырту бойынша жөндеу күтіп тұр. Мемлекеттік бұл бағдарламаға енді кезекке тұрғындар, кем дегенде, келер жылдың басында үйінің шатыры мен жертөлесін жаңалай алады екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде