{metadescription}
Сауалнама: Референдум өткізу идеясын қолдайсыз ба?
Сауалнама: Референдум өткізу идеясын қолдайсыз ба?

Сауалнама: Референдум өткізу идеясын қолдайсыз ба?

Қазақстандықтар жалпыхалықтық референдум өткізу идеясын қолдап отыр. 5-маусымдағы саяси науқаннан кейін еліміздің негізгі заңына түзетулер мен толықтырулар енгізілмек. Ал оны тікелей халықтың өзі шешеді.

Конституцияға енгізілетін өзгерістерге ат салысу - азаматтық борыш деген бұқараның ішкі саясатқа жаңа серпін беретін өзгерістер туралы ой-пікірі қандай?

- Еліміздің азаматы болғасын қатыспай не көрінді. Қатысуға барлығын шақырамын. Бұл еліміздің қоғамдықсаяси өміріне халық қатысуға құқылы. Биліктің істеп жатқан жұмыстары, елдің ертеңі, халықтың болашағы, халықпен кішігірім санасу, оның барлығы демократиялық елдің бір көрінісі.

- Референдумға қатысамыз, қолдан келгенше. Өз ойымызды айтуға тырысамыз.

- Өкінішке қарай, сол референдум бойынша ешқандай хабарым жоқ.

- Біздің Конституциямыз, біздің заңымыз, ертең біздің болашаққа деген сеніміміз. Барамыз ғой дауыс беруге. Тоқаев істеп жатқан реформалар өзгерістер әкеліп жатыр. Адамдар сеніммен қарап отыр. Қаңтардан кейін үш ай өтті. Үш айдың ішінде біраз өзгерістер болды. Адамдардың беттнде күлкі бар. Бәрі жұмыс істеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде