Атырау облысында мектеп директорларына қомақты айыппұл салынуы мүмкін
Әлеуметтік желінің әуресі. Атырау облысында 170-тен астам мектеп директорына қомақты айыппұл салынуы мүмкін. Себебі: білім ошағының басшылары мектептің әлеуметтік желідегі парақшаларын жүргізу үшін оралдық бір компаниямен келісімге отырады.
Автор: Жанат Молдашова
24.05.2022
Қызмет құны айына 5 мың, жылына 60 мың теңге. Алайда ішкі аудит департаменті тексеріс жасап аталмыш компанияның құжаттарынан шикілік тапқан. Мектеп басшылары ешқандай заңбұзушылық жоқ дейді. Бәрі мемлекеттік сатып алу порталының заңдылықтары бойынша жасалған.
Әр ауылдан келген директорлар бұған наразылық білдіріп, Ішкі аудит департаментіне барды. Ал ондағылар прокуратураның нұсқауымен тексеріс жүргіздік деп отыр. Тек бұған Атырау облысы прокуратурасының мүлде қатысы жоқ болып шықты. Дүрліккен директорлар енді сотқа шағымданбақшы.
Руслан Қанатов, мектеп директоры:
- Бізді ішкі аудит бөліміне шақырып, осындай да осындай бір аптаның ішінде төлесеңдер, 150 мың, бір ай ішінде төлесең, 300 мың ақша айыппұл төлейсіңдер деді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!