{metadescription}
Коронавирусқа қарсы ревакцина алатындардың тізімі толықтырылды
Коронавирусқа қарсы ревакцина алатындардың тізімі толықтырылды

Коронавирусқа қарсы ревакцина алатындардың тізімі толықтырылды

Қазақстанда коронавирусқа қарсы ревакцина алатындар қатары көбейді. Бұл жолы бас санитар дәрігер тізімге ел аумағында үш және одан да көп ай тұратын шетелдіктерді қосты. Қаулы ертең, яғни 25-мамырдан бастап күшіне енеді.

Covid-19-ға қарсы қайта вакцина алу үшін алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай өтуі керек. Сондай-ақ бұрын бірінші ревакцинацияны алған адамдар жарты жылдан соң тағы вакцина салдыра алады.

Ал медицина, ішкі істер органдарының қызметкерлері, мұғалімдер мен 50 жастан асқан адамдар ревакцинация жасатуға міндетті. Бүгінде тоғыз миллион екі жүз мыңнан астам қауіпті індетке қарсы вакцинаны алса, ревакциналаудан өткендер саны бір миллионнан ғана асты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде