{metadescription}
Соңғы қоңырау тараздық оқушыларға қайғылы аяқтала жаздады
Соңғы қоңырау тараздық оқушыларға қайғылы аяқтала жаздады

Соңғы қоңырау тараздық оқушыларға қайғылы аяқтала жаздады

Соңғы қоңырау тараздық оқушылар үшін қайғылы аяқтала жаздады. Мектеп түлектері мінген жол талғамайтын көлік терең каналға құлап, батып кетуге шақ қалды.

Оқыс жағдай Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінің маңында болды. Куәгерлердің сөзінше, оқушыларғалық толы оншақты көлік осы жерде әбден ойқастаған. Кенеттен жол талғамайтын машина каналға құлап кетіпті. Бірақ суға батпай бетонға қиғаштап тұрып қалған.

Салонда қанша адам болғаны беймәлім. Куәгерлер машинада мектеп оқушылары топырлап отырғанын айтады. Неге екені белгісіз, алғашында полицейлер көлікте оқушылардың болғанын жасырып, тек кейін амалсыз деректі растады. Сөздерінше, 21 жастағы жүргізуші көлікті уақытша қалдырып кеткенде17 жастағы мектеп түлегі рөлге отырған. Сөйтіп машинаны сайға құлатып алған. Бірақ өзі дін аман дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде