{metadescription}
Теңге бағамының нығаюына байланысты бірнеше фактор
Теңге бағамының нығаюына байланысты бірнеше фактор

Теңге бағамының нығаюына байланысты бірнеше фактор

Теңге бағамының нығаюын ұлттық экономика министрі бірнеше фактормен байланыстырады. Мәселен, көктемдегі ұлттық валютаның құнсыздануына халық арасындағы долларға деген сұраныстың күрт артуы себеп болған. Қазір дүрбелең басылған, сол себепті теңге күшейіп жатыр. Ұлттық банк сол үшін біраздан бері валюталық интервенция жасамапты.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Бір себебі, түскен ажиотаж. Жақында болған, басында болған ажиотаж ол түсті. Мысалы, кейбір азаматтар, кейбір бизнес өкілдерінің ойы «қазір доллар көтеріледі, аяқ астынан бәрін сатып алу керек» деген болды. Содан кейін осы ажиотаж түсті. Теңге күшейді.

Бүгін елордадағы айырбастау пунктерінде америкалық валюта 416, 417 теңгеден сатылып жатыр. Ал наурыз айында бір доллар 520 теңге болды. Ұлттық экономика министрі бюджеттегі доллар бағамы 460 теңгеге дейін көтерілгенін, сол бойынша бағдар ұстау керектігін алға тартты. Жалпы жыл басынан бері ел экономикасы төрт пайызға өсіпті.

Ал инфляцияның 13 пайызға артқаны Қуантыровты алаңдатып жүр. Ол қымбатшылықтың қашан тоқтайтынын білмейді. Президентке берілген уәде де бар. 2025 жылға дейін Ұлттық банк инфляция дәлізін төрт пайызға түсіруі керек.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Инфляцияның өсуі қашан тоқтайтынын айта алмаймын. Инфляция әрқашан бар, болады. Тағы бір мәселе, инфляция бір жерде басқарылады, бір жерде басқарылмайды, бір жерде тұрақты. Егер инфляция мүлдем болмаса, бұл экономиканың тоқырауына әкеледі. Сол үшін біз оны тұрақтандыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. 2025 жылға қарай 34 пайым дәлізіне түсіру мақсатымыз бар. Мақсат болмаса, баға одан сайын өсіп, жоғары шекке жетеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде