{metadescription}
Енді кешіккен рейстің әр сағатына ақша төленуі мүмкін
Енді кешіккен рейстің әр сағатына ақша төленуі мүмкін

Енді кешіккен рейстің әр сағатына ақша төленуі мүмкін

Енді кешіккен рейстің әр сағатына ақша төленуі мүмкін. Ол билет құнының үш пайызы деп белгіленген. Тиісті заңға осындай өзгеріс енгізіліп жатыр. Соңғы кезде кешігуді әдет қылған әуе компанияларын депутаттар осылайша заңмен тәртіпке салмақ.

Ал жолаушылардың "қара тізімі" қала береді. Яғни әуе кемесінде түзу отырмаған, құқық бұзған, басқалардың мазасын алған адамдар келесі жолы ұшақ бортына жіберілмейді. Депутаттар мұны адам құқықын шектеу деп отыр.

Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты:

Бір азаматты біз әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мысалы 15 АЕК айыппұл төлейміз. Ал одан кейін барып оны қара тізімге енгіземіз. Қазіргі Жаңа Қазақстан әрі ашық, әділетті қоғам құруда менің ойымша бір азаматты екі рет бұлай айыптау шектен шығу деп есептеймін.

Индустрия министрінің айтуынша, тәртіпсіз жолаушылар көбіне темекі тартам деп шу шығарады екен. Негізі ұшақ бортында бұған қатаң тыйым салынғанын білсе де, соңы жанжалға ұласқан талай оқиға тіркеліпті. Пандемия кезінде құқық бұзушылықтар саны тіпті екі есеге өскен. Бұрын 400 болса, 900-ге дейін жетіпті. Өйткені, көпшілік ұшақ ішінде бетперде киюден бас тартқан екен. 

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Былтыр өсіп кеткен себебі, пандемияға байланысты санитарлық нормаларға сәйкес келетін тәртіптер орнаттық. Маска кию міндетті түрде. Ол бұзушылықтар да былтыр көбейіп кетті. Біздің жолаушылар бұза бастады да, қазір ол тәртіпті алып тастағаннан кейін ол да енді орнына келетін шығар. Ал негізі жыл сайын сондай 420-430 көлемінде құқық бұзушылықтар болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.