{metadescription}
Алматыда көлік үйдің шатырын жапырып кетті
Алматыда көлік үйдің шатырын жапырып кетті

Алматыда көлік үйдің шатырын жапырып кетті

Алматыда "көктен түскен көлік" әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Мұнда, жылдамдықты асырған машина көшенің еңістеу шетінде тұрған үйдің шатырын жапырып, жерді тұмсығымен сүзіп барып тоқтаған.

Оқиға 24-мамырға қараған түні Боралдай ауылында болған. БМВ тізгініне ие бола алмаған жүргізші еңістегі үйге бір-ақ секіріпті. Газ құбырын қисайтып, электр сымды жалғаған бағананы да құлатқан.

Жапа шеккендер жоқ. 29 жастағы жүргізушінің өзі жеңіл жарақат алғандықтан, ауруханға жатудан бас тартыпты. Апатқа себеп болған азамат енді әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Айдың-күннің аманында үйіне көлік жалп еткен тұрғынға қанша шығын келгені белгісіз. Темір тұлпарды оқиға орнынан алып кеткен. Бірақ баспананың сынған бөлігі әлі тазаланбаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде