{metadescription}
Семей: Саяжайда үйілген тезектен тұрғындар зардап шегіп отыр
Семей: Саяжайда үйілген тезектен тұрғындар зардап шегіп отыр

Семей: Саяжайда үйілген тезектен тұрғындар зардап шегіп отыр

Семейде саяжай тұрғындары мал бордақылайтын көршілеріне қандай шара қолданарын білмей отыр. Сайдың жағасына үйілген тезектің иісі күллі аумаққа жайылған. «Тынысымыз тарылып, үйден шығудан қалдық», - дейді жиналғандар.

Ал 100 бас ірі қараны жемдеп отырған шаруа тау болып үйілген тезекті “тек күзде шығарамын” деп қасарысып отыр.

Семейдің шетіндегі Шығыс саяжайы. Саяжай деген аты болмаса, жұрт қысы-жазы осында тұрады. Әйтсе де олар көршілерінің құтын қашырып отырғанын айтып, дабыл қағуда. Өйткені мал бордақылау алаңын салған азамат төңірегін қолқаны қабатын жағымсыз иіске тұншықтырып тастаған.

Сасық иіс тұрғындарды далаға шығудан қалдырып төрт қабырғаға телміртіп қойған. Ұлардай шулағандар, қала емес, құдды ауылдағы қорада тұрып жатқандай күй кештік деп наразы. Енді, қапырық күнде терезені ашудан қалғандар өз үйіне де сыймай жүр.

Назигүл Аулатбекқызы, саяжай тұрғыны:

- Шыбыннан сөз жоқ. Маса деген торғайдай. Киім іле алмайсың. Кешке кір жуып киім ілсең сасып кетеді. Терезені аша алмайсың. Айттық, түсіндірдік. БКетеміз деп кетпеді.

Мал бордақылау алаңын салып дүйім жұртты дүрліктірген қожайын сиырдың тезегін де уақтылы тазаламайды екен. Қысы-жазы жиылған мал жапасын қора артындағы сайға үйіп тастаған.

Шәріпхан Байжұманов, шаруа қожалығының иесі:

- Жаз бойы исі мүңкиді. Сол үшін бұны күзде шығарамыз. Осылай жатады. Сыртқа төгілгеннен кейін оның исі шықпайды.

Бұл жерде 100 бас ірі қара бордақыланған. 60 басын сатып, қалағаны қорада тұр дейді. Бірақ санитария талабының қаншалықты сақталғаны белгісіз. Өйткені тексеруге келген шенеуніктердің өзін ауласына кіргізбей қойды.

- Қазір сіздің аулаңызға кіріп көрейін. Сол орындарды тазалап отырсыз ба? Залалсыздандыру дәрілерін қолданып отырсыз ба? Соны көріп кетейін.

- Сіз оны көрмейақ қойыңыз. Өзім жоғалтам деп айттым ғой. Болды, уәде беріп тұрмын.

Мал бордақылайтын шаруа ірі-қараны бір жарым айдың ішінде сатып жіберемін дейді. Одан кейін саяжайда мал бордақыламайтынын айтып ақталды. Әйтсе де мамандар оған төңіректі ластап, заңды белшесінен басқаны үшін жауапқа тартылатынын ескертті.

Ержан Сүлеймен, Семей қаласы ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:

- Жалпы, бұл кісінің бордақылап отырған малының саны өрескел. 100 бастың көлемінде бордақылаған. Бұл қаланың шеткі аймағы болғанымен де, тұрғын үйлер бар. Негізінде, заң жүзінде мал бордақылауға тыйым салынған.

Енді ветеринарлария мамандарымен бірлесіп құзырлы орындар тексеріс жүргізбек ниетте. Егер санитария талаптары орындалмағаны анықталса, қожайын әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде