{metadescription}
Ақтөбеде ең биік үйдің техникалық қабаты жекеге аударылып кеткен
Ақтөбеде ең биік үйдің техникалық қабаты жекеге аударылып кеткен

Ақтөбеде ең биік үйдің техникалық қабаты жекеге аударылып кеткен

Ақтөбеде үйдегі ең биік үйдің тұрғындары техникалық қабатты даулап жүр. Кезінде құрылыс компаниясы оны жекеге аударып жіберген. Енді үйдің жарығы мен суына қатысты мәселе туындаса, жоғары қабатқа кіре алмай әуреге түсеміз дейді жиналғандар. 

Аманжол Биданов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Ертең 25 қабаттан су ақса, болмаса тағы да насос бұзылса, бәрін жөндеу керек қой. Ішіне кіре алмайды, слесарь, жөндейтін адамдар. Құрылыс нормасы деген бар, ол қабат жекеменшіктің қолында болмауы керек.

Қаланың қақ ортасындағы үйдің техникалық қабатына қатысты даудан құзырлы мекемелер бұрыннан хабардар. Тұрғындардың арыз айтып бармаған жері қалмаған. Ал меншіктеп алғандар біресе қаланың ең биік жерінен клуб ашамыз, біресе кеңсе ашамыз деп шығатын көрінеді. Бірақ әзірге осында тұратындар онда ешкімді жолатпай отыр. Он жыл бұрын қабылданған заңдағы өзгерісте техникалық қабат пәтер иелерінің бәріне ортақ деп көрсетілген. Мұны жергілікті әкімдіктегі инспекция өкілдері де растап, құрылыс компаниясының басшысын әкімшілік жауапқа тартпақшы болыпты. Бірақ ол да аяқсыз қалған.

Мұрат Ізбастенов, Ақтөбе облысы сәулет-құрылыс инспекциясының басшысы:

Қазір ұжым толық жаңарды. Бұрынғы әрептестерімізге хабарласып, осы үйге қатысты тексерудің жайын білдік. Ол кезде біраз кемшілік анықталып, әкімшілік жауапқа тарту туралы нұсқама берілген екен. Бірақ жауапкердің ауыр науқасқа шалдығуына байланысты орындалмаған. Енді тұрғындар бізге қайта арыздануы керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде