{metadescription}
Елімізде ер-азаматтар зейнетінің рахатын төрт-ақ жыл көреді екен
Елімізде ер-азаматтар зейнетінің рахатын төрт-ақ жыл көреді екен

Елімізде ер-азаматтар зейнетінің рахатын төрт-ақ жыл көреді екен

Былтыр елдегі ер адамның орташа өмір сүру ұзақтығы 67 жасты құраған. Әлемдік рейтингтегі көрсеткіш осындай. Ал ер-азаматтар зейнетке 63 жаста шығады десек, ол бар болғаны 4-ақ жыл зейнетінің рахатын көреді екен.

Бұл сүреңсіз статистикаға еңбек министрлігі бас қатырып отырған жоқ. Олар ерлердің зейнетке шығу жасын өзгерту мүмкін емес деп есептейді. Бірақ Тамара Дүйсенованың сөзінше, азаматтар 63 жасты күтпей, жинақтаушы зейнетақы қорын тезірек толтырып, 50 жаста ерте зейнеткер атануына болады екен.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- 98 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақысына өз уақытында қосылып отыратын болса, зейнетақы жарнасы дұрыс болатын болса, 63-те емес, 50 жасында зейнетке шығуға мүмкіндігі бар деп заңда жазылып қойылған. Толық мүмкіндік бар қазір, зейнетке ерте шығып кетуге. Ол тек әйелдерге емес, ер азаматтарға да дәл сондай.

Кез келген қазақстандықтың зейнетақы жинағының толуы жалақысына байланысты. Жыл басында президент ел халқының табысы 50 мың теңгеге жетпейтінін мәлімдеген еді. Үкімет олқылықтың орнын толтыруға барынша күш салып жатыр. Олар 2025 жылға дейін бұқараның өмір сүру деңгейін көтеретін жобаны ойлап тауыпты. Ел қазынасынан немесе квазимемлекеттік сектордан бағытталатын қаржы бір миллионнан астам халықтың жалақысын арттыруға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, үш жылда атқарушы билік инвестжобаларды іске асырып, екі миллион жұмыс орнын құрамыз деп отыр. Жобаның бюджеті 197 миллиард теңге.

Ералы Тоғжанов, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

- Тұрақты жұмыс деген не? Ол ең алдымен, орта және шағын бизнес. Тұрақты жұмыс мемлекеттік органдарда болуы мүмкін, квазимемлекеттік сектор айналасында болуы мүмкін. Ал қалған жұмыстардың тұрақты болуы осындай орта және шағын бизнесті дамыту арқылы әр азамат өз өмірін, жанұясының өмірін жақсартуға болашақта мүмкіндік алады болашақта. Ол үшін еңбектену керек азаматтар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде