{metadescription}
Қоғамдық тамақтану қауымдастығы: Қосымша құн салығынан босатсын!
Қоғамдық тамақтану қауымдастығы: Қосымша құн салығынан босатсын!

Қоғамдық тамақтану қауымдастығы: Қосымша құн салығынан босатсын!

Қосымша құн салығынан босатсын! Қазақстан қоғамдық тамақтану қауымдастығының өкілдері осындай өтінішпен президентке хат жолдады. «Пандемиядан кейін табысымыз анағұрлым азайды» деген дәмхана басшылары енді азық-түліктің тоқтаусыз шарықтауы жығылғанға жұдырық болды дейді.

Рестораторлар амалсыздан ас мәзірін қымбаттаттып, соның салдарынан клиент жоғалтып шығынға батуда. Соңғы екі жылда 30 мыңға жуық тамақтану орны банкрот болып жабылыпты. Осы сала құрдымға кетеді деген кәсіпкерлер ел басшылығынан көмек сұрап отыр.

- Сорпа, тауық еті, күріш, нан, компот және салат. Қанша болды?

- 2500 теңге.

- Мінеке, естідіңіздер.

Алматыда дәл осындай кішігірім дәмханадан түскі асты тойып ішу үшін қалтаңызда кемі 3 мың теңге болу керек. Ал қаладағы кафе, мейрамханадағы баға тіптен удай. Бір адам 10 мың теңгеге дейін шығуы мүмкін. Финпром.кз сарапшыларының мәліметінше, еліміздегі тамақтану орындарындағы баға өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға бір-ақ өсіпті.

Кафедегі баға Алматыдан бөлек Нұр-Сұлтан қаласы, Түркістан және Ақмола облыстарында да едәуір көтерілген. Фастфуд құны да республика бойынша 11 пайызға қымбаттаған. Алайда қоғамдық тамақтану қауымдастығының өкілдері ас мәзіріндегі бағаны өсіруге мәжбүрміз деп мұңын шақты. Өйткені пандемиядан кейін рестораторлардың кірісінен гөрі шығысы көбейіпті. Тіпті соңғы екі жылда қарызға белшеден батқан 30 мыңға жуық тамақтану орны жабылып, сонда еңбектенетін 500 мың адам жұмыссыз қалған. Осы сала құрдымға кетуі мүмкін деп дабыл қаққан рестораторлар президенттен қосымша құн салығынан босатуды сұрайды.

Гүлбану Майғарина, Қазақстан қоғамдық тамақтану қауымдастығының төрағасы:

- НДС бізде көбінесе сатылған бағаға түседі салмағы. Сол үшін біздің пайдамыз түсіп жатыр. Жұмыс істеу қиындап барады. Бізде шама жоқ оны төлеуге. Біздің сұрап отырғанымыз НДС-ті бізден алып тастап, жалпы салық 3 пайыз, яғни қанша саттық соны төлесек жақсы болады. Біз президент атына, президент әкімшілігіне кеше ғана хат жібердік.Екі жыл өте қиын болды.

Қоғамдық тамақтану бизнесімен айналысып жүргеніне 30 жылдан асқан Гүлнәр Тасығожина азық-түлік бағасының тоқтаусыз шарықтауы жығылғанға жұдырық болды деп отыр. Тәжірибелі ресторатор дәмхана, мейрамханалар тамақ, сусын мен арақ-шарапқа 10-15 пайыздан артық қоса алмайтынын жеткізді. Себебі, қымбатқа тамақтану екінің бірінің қалтасы көтермейді. Тиісінше кафелер клиент жоғалтып, шығынға батады. 

Гүлнәр Тасығожина, кәсіпкер:

- Бірінші қиын болып тұрған жағдай баға. Ет, көкөніс барлығының бағасы өте қымбат. 10-15 пайыз амалсыздан қостық. Біз мысалы жыл басында қостық. Қазір мамыр айы. Оған дейін желініп қалды ғой. Балық қаңтарда 6 мың болса қазір 8500 тг. Ұн басқасы да солай. Ештеңке арзандаған жоқ. Жалақы, коммуналдық төлем, жалға алу құны,ең көп салық тағы шығындарымыз бар. Сол біздің мәселеміз. 

Қазақстандағы қоғамдық тамақтану орындарында 2 млн-ға жуық отандасымыз тер төгіп жүр. Қауымдастық өкілдері билік осы бизнеске қолдау көрсетпесе мыңдаған адам жұмыссыз қалуы мүмкін дейді. Кәсіпкерлер жыл басынан бері талап-тілектерін тиісті органдарға жеткізіпті. Әзірге нәтиже жоқ. Олардың ендігі үміті мемлекет басшысында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде