{metadescription}
Ақмола облысында телефон алаяқтары ұсталды
Ақмола облысында телефон алаяқтары ұсталды

Ақмола облысында телефон алаяқтары ұсталды

Ақмола облысында телефон арқылы халықты алдап, банктерге белшеден қарызға батырған топ ұсталды. Олар Павлодарда отырып-ақ, Степногор тұрғынына несие алғызған. Тіпті жалғыз баспанасына дейін сатқызып, ақшасын есеп-шоттарына аудартып үлгеріпті.

Алаяқтар өздерін банк менеджері ретінде таныстырып әбден сеніміне кірген. Сосын аңқау азаматқа оның атынан әлдекімдердің үлкен мөлшерде несие алғалы жатқанын айтып қорқытыпты. Сөйтіп бірнеше банктің құжаттарын жіберген. Сасып қалған Степногор тұрғыны өзі жайлы толық мәліметті смс хабарлама арқылы жолдаған. Көп кешікпей, үш банкке 3 миллион теңге қарыз екенін бір-ақ білген. Онымен қоймай, 38 жастағы азаматқа пәтерін сатқызып, есеп-шоттарына ақшасын аудартып алыпты. Осы алаяқтықты жасады деген күдікпен 23-24 жастағы Павлодар қаласының екі тұрғыны ұсталды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.