Сауалнама: Референдумда өз таңдауыңды жасауға дайынсың ба?
Референдумда ел азаматтары өз таңдауын жасауға дайын. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің басым көпшілігі осы саяси науқаннан шет қалмаймыз деп шешкен.
Автор: Салтанат Шырынхан
26.05.2022
Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларға қатысты өз таңдауын қазақстандықтар 5-маусымда жасай алатынын еске салайық.
- Қатысамыз ғой, құдай қаласа. Уақытымыз болса, барамыз. Үкіметтен болғандықтан қатысуымыз керек. Заңды қабылдауымыз керек, қолдаумыз керек.
- Референдум өткізіліп жатқаны ол өте дұрыс. Бұл біздің Қазақстан тарихында екінші референдум. Халықпен есептесіп, санасып өткізгені бізге өте ұнайды.
- Жаңалықтардан көріп тұрамыз, үзбей, осы референдумды. Парламентті көріп тұрамыз, не болып жатқандарын. Бару керекпіз. Барамыз. Халыққа 100 пайыз керек деп ойлаймын. Қарапайым халыққа.
- Әлі таныспадым. Таныспасам да негізі толықтырулар болса да, барлығы сол бізге, халыққа жағымды деп ойлаймын. Бізге шақыру келіп жатыр. Барамыз. Енді халық болғаннан кейін бірге қатысып, өзіміздің пікірімізді білдірсек дейміз. Жалпы айтқанда өзіміздің қазақ еліміздің, халқымыздың, мемлекетіміздің жағдайы жайлы. Сол жайлы қатысып, өзіміздің бір сұрағымыз болса, пікіріміз болса, соны қосып қайтсақ деген ойдамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!