Aool House — Тик-Ток туралы отандық комедия
Тик-ток туралы отандық комедия көрермендерге жол тартты. Aool House деп аталын фильмде ауыл жастары Тик-Ток ашып танымал болудың жолын іздейді. Тіпті халыққа тиесілі қаржыны бюджеттен ұрлаған әкімнің қитұрқы әрекетін тик-токтың тікелей эфирінде әшкерелейді.
Автор: Диана Қадыр
26.05.2022
Қызыққа толы жаңа фильмді бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан тамашалай аласыздар.
Aool House комедиясының премьерасына келген көрерменнің қарасы қалың. Отандық туындының негізгі ойы жастарды Тик-Токта мағынасыз ролик түсіруді қойып, пайдалы іске ынталандыру.
Киноның желісі бойынша, басты кейіпкерлер науқас достарының қарындасына қаражат жинауды бастайды. Осы ретте ауыл әкімінің жемқорлық әрекеті туралы біліп, оны әшкерелеудің жолын іздейді. Ендігі жоспарлары шендінің қызын ақша бопсалау үшін ұрлап, алған қаражатты қазынаға қайтару.
Зухра Сайпи, актриса:
- Менің кейіпкерім байдың қызы болғанымен, ол көптеген қиындықтарға тап болады. Бірақ ауылдағы балалар бай қыздан бақытты екенін айтсам болады. Мина кейіпкері осы уақытқа дейін сомдаған кейіпкерлеріме мүлдем ұқсамайды. Басында маған ұйымдастырушылар айтқан, мүмкін сенің шашыңды қырқып тастаймыз, мүмкін бояп тастаймыз. Мен айттым, егер образ болса, рөл болса, бәріне дайынмын.
Әкімнің қызы Aool House-ты танымал етіп, көп ақша табуға үйретпек. Тик-токтары көп қаралым жинайды. Тіпті ауырып жатқан кішкентай қыздың еміне қаржы табады. Фильмде жастар бәріне қол жеткізе алатынын көруге болады.
Ербол Әлімұхан, актер:
- Фильм тиктокпен ақша табуға болатыныны, жемқорлық туралы. Бұл жолмен келген ақшаның берекесіз болып шығатынын. Мүмкін емес ештеңе жоқ екендігін көрсетеді.
Фильм 2021 жылдың қыркүйек айында түсіріле басталған. Түсірілім алаңы ретінде Алматы облысындағы Шелек пен Қаракестек ауылдары таңдалыпты. Кинода достық пен махаббатың маңыздылығы да бейнеленген.
Дәурен Қамшыбаев, режиссер:
- Біз бұл фильмде тиктокты екі түрлі ой салатын терең мағынада қарастырған жоқпыз. Тикток ол қарапайым трендте болғандықтан алдық. Сюжетті дамытатын бір құрал ретінде қарадық. Фильмнің идеясы достық пен махаббатты насихаттау.
Ауыл жастарының шытырманға толы оқиғасының қалай өрбитінін бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көре аласыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!