{metadescription}
Алматыда халықаралық «Конкур» жарысы басталды
Алматыда халықаралық «Конкур» жарысы басталды

Алматыда халықаралық «Конкур» жарысы басталды

Бүгін Алматыда халықаралық «Конкур» жарысы басталды. Жылқы құлағында ойнайтын 50-ге жуық спортшы келер жылы Америкада өтетін әлем біріншілігіне қатысу үшін бақ сынасады.

Додаға Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Германия, Нидерланд сынды бірнеше мемлекеттен спортшы қатысып жатыр. Жарыс үш күнге жалғасады.

Классикалық конкур жылқының және шабандоздың кедергілерден өту қабілетін анықтайтын спорт түрі. Онда небәрі 63 секундта биіктігі бір жарым метрлік бағандардан шауып өткен қатысушы жеңімпаз атанады. Әсіресе әділқазылар жүйткіп өту жылдамдығы мен тапсырманың таза орындалуына мән береді. Әрбір шалынғаны үшін төрт  ұпайы қысқарады.

Бұған дейін облыстың арнайы базасында ұйымдастырылып келген сайыс биыл қала орталығына ауысқан. Секіруге 14 жастан асқан қыз-жігіттер қатыса алады. Бүгін еліміздің атынан 20-дан аса спортшы бақ сынап жатыр. Жүлде қоры он мың еуродан асады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде