Мотоцикл тізгіндеген 9-сынып оқушысы қаза тапты — Алматы облысында
Бүгін Алматы облысында мотоцикл тізгіндеген 9-сынып оқушысы мектептің қоршауына соғылып қаза тапты. Куәгерлердің сөзінше, 17 жастағы бозбаланың басы жарылып тілге келместен көз жұмған.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
27.05.2022
Ботагөз Қыдырова, куәгер:
- Мен “Аңсар” дүкенінен шыққаным сол еді, мына жақтан қатты жылдамдықпен келіп, бір бала бордюрға мотоциклді ұрып, жерге домалап түсті. Біз келгенше бала қорылдап тұрды. Прям қорылдап, дірдір етіп. Баланың басы мына жерден бүйтіп түсіп кетті. Соны байқадым.
Қайғылы оқиға түскі сағат 12 шамасында Талғар ауданына қарасты Еламан ауылында болды. Әкесінің «Ямасаки» мотоциклін айдап кеткен жеткіншек дәл мектептің алдына келгенде тоқтай алмай бордюрге соқтығысқан. Сөйтіп басымен темір қоршауға ұрылыпты.
Қан іздері мен оқушының шашы сол темірде әлі жабысып тұр. Қазір полицейлер сараптама тағайындап, тергеу амалын жүргізіп жатыр.
Қапыда ажал құшқан бозбала №41 орта мектепте 9-сыныпта оқыған. Білім ошағындағылардың айтуынша, тәлімгері таңғы уақытта емтиханға дайындалуға жаяу келіпті. Екі сабақты өткізіп, үйіне қайтқан деп шыр-пыр болып отыр. Ал оқушының мотоциклмен мектепке не үшін қайта оралғаны белгісіз.
Жанаргүл Күнсақалова, № 41 орта мектептің директоры:
- Мектепте 9 сыныпта емтихан болып жатқан жоқ. Олар сағат 9:00-де қосымша сабаққа келген. Осы Батырбаев Ағыбай қосымша сабаққа келді. Мопедті үйіне барып алып келген. Біреулер айтады, мына жақта достары бар, әкесіне көрсетпей тығып қойған дейді. Күнде қауіпсіздіктерді айтып отырамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!