Грузия: Күдікті Мұрат Мейірбеков кінәсін мойындамады
Грузияда былтыр қаза тапқан қазақстандық қыздың ісіне қатысы бар күдікті бүгін үн қатты. Қамауда отырған Мұрат Мейірбеков өзін кінәсіз санайды. Айтуынша, 13 айдан бері тергеу органдары ешқандай дәлел таппаған.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
27.05.2022
Олардың жайбасарлығына шүйліккен күдіктінің адвокаты енді тезірек сот отырысының өткенін талап етіп отыр. Мейірбековке Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалған: адам саудасы және зорлау.
Шыназбек Маханов, күдікті Мұрат Мейірбековтің адвокаты:
- Міне 13 ай болды. Бір таңқаларлығы, 12 айдың ішінде Мейірбековтің қатысуымен бірдебір тергеу әрекеті болмады. Ол бостан бос қамауда отыр. «Адам саудасы» бойынша ешқандай дәлелдері жоқ. Әйтпесе бұл ең ауыр бап. Шынымен дәлелдері болса, баяғыда-ақ, сот болатын еді. Ал бұл баппен факт болмаған соң, әдейі «адам зорлады» деген бапты қосып отыр.
Айсұлу Айтбаева, марқұм Әсел Айтбаеваның анасы:
- Экспертиза тістерінің сынғанын көрсетті. Бауыры езілген. Сүйектері сынған. Қалай? Бала сегізінші қабаттан секірді дегенге күлкім келіп тұр. Кранмен түсірген бе, қалай түсіргенін білмеймін. Тағы бір нәрсе бар. Бірақ оны айта алмаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!