{metadescription}
Тоқаев: Батыс пен Ресей арасындағы геосаяси ахуалына дайын болуымыз керек
Тоқаев: Батыс пен Ресей арасындағы геосаяси ахуалына дайын болуымыз керек

Тоқаев: Батыс пен Ресей арасындағы геосаяси ахуалына дайын болуымыз керек

Батыс елдері мен Ресей арасындағы күрделі геосаяси ахуал әлі де ұзаққа созылады және оған дайын болуымыз керек. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан президенті бүгін осылай деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялық қайшылықтар кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың алдағы уақыттағы жұмысы туралы ойын айтты. Алдымен маңызды жобалар мен нақты нәтижелер керек. Бұл үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірлескен жобаларын тезірек аяқтап, жаңа инвестициялық жобалар ұсынып, бизнес саласындағы ықпалдастықты күшейту, трансқұрлықтық дәліз жылдамдығын жетілдіру қажет деді президент.

Қазақстан басшысы санкцияларды ескере отырып, шетелдік компаниялардың басқа жерге көшуі үшін қолайлы жағдай жасау мәселесіне айрықша назар аударуды ұсынды. Ал әлемдік алпауыттар 180 миллион тұтынушысы бар одақ нарығының әлеуетін елемей кетпейді дейді мемлекет басшысы. Тағы бір бастама - үшінші елдермен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдетуге бағытталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан президенті:

- Қазіргідей күрделі кезеңде үшінші елдермен, интеграциялық бірлестіктермен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету мәселесі өзекті болып отыр. Бұл жөнінде былтыр қазан айында өткен Жоғары кеңестің отырысында айттым. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық еткен кезде осы бағыт басымдық ретінде айқындалды. Өткен жылдың соңында Шанхай ынтымақтастық ұйымымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Тез арада жұмысты қолға алып, нақты жобалар мен бастамаларды талқылауды бастау керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.