{metadescription}
Шетелдіктерге неге ЖСН берілмеді?
Шетелдіктерге неге ЖСН берілмеді?

Шетелдіктерге неге ЖСН берілмеді?

Шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірінің берілмеуіне техникалық ақау ғана себеп. Цифрлық даму министрлігі осылай түсіндірді. Қазір Ішкі істер министрлігі мен Азаматтарға арналған үкімет порталға өзгерістер енгізіп жатыр екен.

Онлайн қызмет алу сол себепті уақытша тоқтап тұр. Бірақ кез келген шетел азаматы өзі барып ЖСН рәсімдей алады

Ерхан Таткен, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз хатшысы:

- Осы техникалық жұмыстар аяқталған кезде аталған қызмет түрі іске қосылатын болады. Азаматтарға айта кетерлігі, қазір осы қызмет түрі электронды қолжетімсіз болып тұрғандықтан, жергілікті азаматтарға арналған үкімет коорпорациясының филиалдарына немесе жергілікті мекенжай бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып тиісті қызмет түрін офлайн алуға болады.

Сайтта бұл бағыттағы жұмыс 2022 жылдың 1 қазанынан бастап қалпына келтіріледі деп жазылған. Алайда Азаматтарға арналған үкімет келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрап, қызметтің таяу аралықта қолжетімді болатынын айтты.

2022 жылдың басынан осы уақытқа дейін 36 мың Ресей, 637 Украина азаматы ЖСН алған. Қазір Ресей банктері санкцияға байланысты халықаралық төлем жүйелерінен шығарылған. Сондықтан азаматтар басқа елдердегі банктерге жүгінуге мәжбүр. Ол үшін Қазақстанның ЖСН нөмірі керек. Дегенмен шетелдіктерге оңды-солды қызмет көрсетпес бұрын, отандық банктер клиенттерін мұқият тексергені жөн дейді мамандар.

Ғазиз Әбішев, саясаттанушы:

- Біріншіден, қазір көрші елдерден, соның ішінде Ресейден көптеген азаматтар көшіп келіп жатыр. Олар Қазақстаннан ЖСН нөмірін алып, банктік карта аштырады. Өйткені көптеген әлемдік төлем жүйелері Ресейден кетіп қалды. Қауіптісі жекелеген азаматтардың ішінде еуропалық, америкалық санкцияға ұшырағандары да болуы мүмкін. Солардың кесірі бүтін елге тимесіне кім кепіл?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

12 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде