{metadescription}
Ирина Кайратовна: Азамат Маркленов қазақстандықтардан кешірім сұрады
Ирина Кайратовна: Азамат Маркленов қазақстандықтардан кешірім сұрады

Ирина Кайратовна: Азамат Маркленов қазақстандықтардан кешірім сұрады

Мас болғандарын мойындады. «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі Азамат Маркленов концертте көрсеткен ерсі қылығы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады. Сахнада өзін мәдениетсіз ұстаған ол ащы судың буымен қателік жасадым деп отыр.

Аталмыш топтың Алматыда өткен концертінде Shiza деген лақап атымен танымал рэпер Асхат Жолшиев білегіне көк туды орап алып, аузына келгенін сөйлеуі халықтың ашуын туғызды.

Әлеумттік желіде қызу талқыланып жатқан бұл видеода ішімдікке сылқия тойып алған Shiza лақап атымен танымал әнші Асхат Жолшиев көк туды қолына орап алып, балағат сөздер қолданады. Мас болып аяғында әрең тұрған оны ұйымдастырушылар сахнадан әрең дегенде алып кетеді. Ал «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі Азамат Маркленов оған белгісіз себеппен күліп, бейәдеп қылық көрсетеді. Аталған концертте өзге де әншілердің боқауыз сөздер қолданғанын байқауға болады.

Жас әншілердің әрекеті көпшіліктің сынына ілікті. Тіпті мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин даулы видеоға қатысты пікір білдіріп, рәміздерімізді қорлаған азаматтар жауапкершілікке тартылатынын жеткізді. Осы жағдайдан кейін «Ирина Кайратовна» тобы мен әнші Асхат Жолшиевтің Түркістанда өтетін кезекті концерті өтпейтін болды.

Азамат Маркленов, «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі:

- Өз басым баршаңыздан, қазақстандықтардан кешірім сұрағым келіп отыр. Өзімді сахнада мәдениетсіз ұстағаным үшін, ішімдік ішкенім үшін. Мойындаймын. Бұл менен кеткен үлкен қате. Бұл мен үшін үлкен сабақ. Ендігі қайталанбайды деп уәде беремін сіздерге. Себебі: біздің концерттерге тек жастар емес, жасөспірімдер, кішкентай баласымен келетін жанұялар бар. Сондықтан баршаңыздан кешірім сұраймын. Жаман ниет, жаман ой ешқайсымызда болған емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде