Алматы: Алмалы тұрғындары арық жүйесінің зардабын тартып отыр
Алматыда арық жүйесінің дұрыс салынбауының зардабын тұрғындар тартып отыр. Әр жауған жаңбыр сайын үй ішіне белшеден келген су дүние-мүлкі малмандай қылып, ауласы батпаққа батады екен.
Автор: Гүлім Советхан
27.05.2022
Жұртты айтуынша, бұл жағдайдың қайталанып келе жатқанына осымен тоғыз жылға таяпты. Оған дейін Есентай өзеніне ағатын жауын суы, арық жүйесін өзгерткелі аулаға жиналатын болған. Ал әкімдік арықтарды жөндеу кезінде жіберген қателіктерін мойындамай, өтінішімізді қараусыз қалдырып жатыр дейді тұрғындар.
Алмалы ауданының тұрғындары жауын суымен алысып келе жатқанына осымен тоғызыншы жыл. Айтуларынша, жоғарыдан аққан су үй іргетасынан асып, босаға мен терезеден баспанаға ның кіреді екен. Салдарынан жыл сайын үйіне жөндеу жүргізіп, техникасын жаңарту қажет дейді. Үйі нөсерден соң көлкіген суға батқан 20 отбасы осылай жалғаса берсе, ылғалдан баспанамыз қирап қала ма деп алаңдаулы.
Ширнияздан Рушанов, Алматы қаласының тұрғыны:
- Бүкіл тұрмыстық техника бұзылады. Электр тоқ бар, балалар жүреді мында. Ортақ бір жиырма үй болады. Біреуге толық жөндеу жасау керек, біреуге косметикалық жөндеу қажет. Көбісіне заттарын ауыстыру керек.
Тұрғындардың сөзінше, үйлерді су басудың себебі: осыдан тоғыз жыл бұрын салынған жаңа құбыр жүйесінде. Жауын суы ағатын арықтарды ауыстырған соң бұрын Есентай өзеніне құйылатын ағын су енді арнасын аулаларға бұрған.
Трабуви Баратова , Алматы қаласының тұрғыны:
- Жаңбыр болғанда біздің үй су, мына жер көлге айналды. Жүре алмаймыз, үйдің ішінің бәрі су. Анау жоғарыдан келіп жатқан кісілердің дәретхана, моншасының суы осы жерге келеді. Тоғыз жыл болды, тоғыз жыл! Мына суды ана жақтан жауып, Байзаков көшесіне жібергеннен кейін, су бізге келеді.
Тұрғындар жергілікті биліктен көмек сұрасақ та, олар шешімін табуға асықпайды дейді. Ал шенеуніктердің айтуынша, аталған ауданның арықтарын өзгерту жобасы жоспарланып қойған. Мемлекеттік қазынадан қаражат бөлінсе, келесі жылы мәселені шешеміз деп сендірді.
Мұрат Жексембаев, Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының бөлім басшысы:
- Бізге қала бойынша қазір 102 учаске бар су басатын. Олардың бәрінің тізімі жасалған. Сол тізімде Мұқанов көшесі Абай көшесінен Райымбек көшесіне дейін толық қосылған. Біз оның бәрін жасаймыз толықтай. Біз қазіргі таңда мәслихатқа бюждеттік тапсырма беріп қойдық. Ол кісілер қарастыруда. Ақша бөлінген жағдайда биыл басталады. Ол 2023-тің аяғы ,не 2024 жылға дейін бітеміз.
Жауапты бөлімнің басшысы “қателік кімнен кеткенін дөп басып айта алмаймын” деп қысқа қайырды. Алдағы екі жылда арығы жаңарып, үйі тазаратын тұрғындар әзірге әкімдік берген құм толтырылған қапшықтармен бөгет жасап қойғаннан басқа амалы жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!