Серік Сәпиев: Барлықтарыңызды референдумға шақырамын
Референдумды көк туымызды желбіреткен спортшылар да асыға күтіп жүр. Олар реформалардың барлық салаға оң ықпал тигізетініне сенеді. Бүгін республика спортшылары маусым айында болатын жалпыұлттық дауыс беруді талқылау үшін астанада бас қосты.
Автор: Әзиза Төленби
27.05.2022
Өңірлерден келген түрлі спорттық ұйым өкілдері референдумның маңызы туралы пікірлерін ортаға салды. Көк байрақты желбіреткен талай спортшы қазір аймақтарда шәкірт тәрбиелеумен айналысуда. Олардың ұлт пен мемлекет алдында жауапкершілігі зор. Талай жеткіншекке үлгі болған спорт саңылақтары жұртшылықты маңызды сәтте қалыс қалмай, алдағы науқанға бірге үн қосуға шақырды.
Серік Сәпиев, Ұлттық олимпиада комитеті бас хатшысының орынбасары:
- Біздің Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Бүгінгі таңда әлемдік даму процесі өте жылдам. Сондықтан бізге дер кезінде заман талабына сай өзгерістер енгізу керек. Партия мүшесі ретінде мен барлық спорт қауымын жинауды қажет деп санадым. Барлықтарыңызды референдумға шақырамын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!