Долларды үйінде басып, айналымға енгізіп жіберген – Елорда
Жалған ақшаны айналымға енгізіп жіберген. Елордада долларды үйінде басып саудалаған қылмыстық топ әшкереленді. Әзірге олардың 55 мың АҚШ долларын сатқаны белгілі.
Автор: Елдос Есенбол
30.05.2022
Көк қағазды олар түрлі амал-айла арқылы өткізуге тырысыпты. Дәлірек айтқанда, алаяқтар өз мақсаттарына елордалық ақша айырбастау орындарын, сондай-ақ банкомат пен букмекерлік кеңселердегі жеке есепшоттарын пайдаланған. Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақ болуға, бейтаныс жандардан шетел валютасын сатып алмауға шақырады. Егер жалған ақша ұстаған жанды байқасаңыз дереу құзырлы органдарға хабарлау қажет. Ал, жалған ақша сатып, қалтасын қампайтпақ болғандарға қатысты сот үкімі шығыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!