Белгісіз сұйықтық жеті адамның өмірін жалмады – Павлодар
Павлодарда жеті адамның өмірін жалмаған белгісіз сұйықтық қолдан жасалған спирттік ішімдік болуы мүмкін. Марқұмдарды ажалдан арашалап қалуға барын салған дәрігерлер осылай деп болжап отыр. Ертіс ауылында болған оқыс оқиғаның жай-жапсары жіті тексеріліп жатыр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
30.05.2022
Қайғылы жағдай 27-сәуірде күні болған. Полицейлердің мәліметінше, бір үйден үш адамның өлі денесі табылған. Оның біреуі 67 жастағы үйдің иесі болса, екіншісі 32-дегі баласы. Ал үшіншісі – зейнеткер. Сол күні тағы төрт адам ауыр хәлде ауруханаға түскен. Олардың төртеуі де емдеу мекемесінде жатып көз жұмды. Қаза тапқандардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Бірақ олардың белгісіз сұйықтық ішкені анықталыпты. Содан кейін бәрінің іш құрылысы істемей, шетінен көз жұмған.
Айдар Сейтқазинов, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Ауруханаға жеткізілген азаматтардың спирттік ішімдік ішкені бірден байқалып тұрды. Ащы судан уланған ба деп күдіктеніп, диагнозға сәкес емдом жасалған. Бірақ науқастардың өмірін сақтап қала алмадық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!