Елбасы референдумға қатысты өз ойын білдірді
Жалпыхалықтық референдумға қатысты тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев та ойын білдірді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елде реформа жүргізу және Конституцияға өзгерістер енгізу бастамасын ол қолдап отыр.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
30.05.2022
Саяси науқанға міндетті түрде қатысып, тарихи оқиғадан қалыс қалмаймын дейді тұңғыш президент. Бұл туралы ол саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа берген сұхбатында айтты.
Нұрсұлтан назарбаев, ҚР тұңғыш президенті:
- Иә, 5-маусым күні мен міндетті түрде Конституцияда көрсетілген құқығымды пайдаланып референдумға қатысамын. Мен елдің негізгі заңы – қатып қалған құқықтық жұрнақ емес, қазақстандық қоғамның тіршілігін, ондағы өзгерістерді көрсететін жанды механизм екенін үнемі айтып келемін. Өзгерістер бұрын да енгізілген. Конституцияға сай, кезінде мен өзімнің Президент ретіндегі өкілеттіліктерімді Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлына тапсырдым. Бұдан кейінгі жалпыхалықтық сайлауда ол жеңіске жетті. Осы жылдар аралығында мен оның елімізді реформалау және одан кейінгі дамуына қатысты қолға алған шараларын барынша қолдап келдім. Осы жолы да қолдайтыныма күмәніңіз болмасын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!